Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында көгалдандыру және инфрақұрылымды жаңарту жүріп жатыр

13 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында көгалдандыру және инфрақұрылымды жаңарту жүріп жатыр
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендерді көгалдандыру, көп қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін, сондай-ақ арық жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың басынан бері облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен экологиялық шараларға 6 мыңға жуық тұрғын қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғанда жалпы ауданы 124 га болатын 5 саябақ пен 40 гүлзар бар. Жыл басынан бері облыс орталығында 10 мың ағаш отырғызылды. Бұл ретте жасыл аймақтарды күтіп ұстау үшін 10 учаскеде 5 мердігер ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

— «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл біз 37 үйдің шатыры мен 20 көпқабатты үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, 7,4 км арық желілерін қайта жаңарту көзделген. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері қалада барлығы 37 экологиялық іс-шара өткізіліп, оған 6 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты. Мұның бәрі жалпы алғанда тазалық пен тәртіпті сақтауға, облыс орталығын абаттандыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті нығайтуға оң әсер етеді, — деп атап өтті Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.

Қала тұрғындары мен қонақтары абаттандыру шараларына қатысты пікір білдірді.

— Жергілікті тұрғын ретінде Талдықорған қаласының жылдан жылға өсіп келе жатқанына қуанамын. Басқа қалалардан келген достарымыз да біздің Талдықорғанның жақсарып келе жатқанын жиі айтады. Бұл – қала тұрғындарының ортақ еңбегі, — дейді талдықорғандық Серік Қожаханов.

Ал Алматы қаласының тұрғыны Мәншүк Қаракенова Талдықорғанның жалпы келбетін жақсартуға «Таза Қазақстан» бағдарламасы айтарлықтай әсер етті деп есептейді:

— «Таза Қазақстан» бағдарламасының арқасында Талдықорған қаласы әдемі әрі таза кейпін сақтап отыр. Қаланың өзі де жасыл желекті, ауасы таза, ал тұрғындардың тазалық пен тәртіпті сақтауы, сенбіліктерге белсенді қатысуы, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауының арқасында қала бұрынғыдан да жақсара түсті. Мен бұл қаланы бұрыннан жақсы көремін және осында келген сайын риза боламын, — дейді ол.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.