Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісулық жігіт АҚШ-та прокурор көмекшісі қызметін атқарып жүр

Халел Туғанбаев – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің заң факультетін тәмамдаған, бүгінде АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарып жүрген заңгер. Ол өзінің табандылығы мен білімге деген құштарлығының арқасында халықаралық деңгейде танылып отыр.

14 мамыр 2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісулық жігіт АҚШ-та прокурор көмекшісі қызметін атқарып жүр
WhatsAppTelegramFacebook

Білім жолындағы алғашқы қадам

Халел 2009–2012 жылдар аралығында Жетісу университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алып, студент кезінде-ақ болашақ кәсібіне байыппен қарап, корпоративтік құқық саласында мансап құруды мақсат етті. Екінші курстан бастап ол экономикалық сотта тәжірибеден өтіп, болашаққа нақты қадам жасады.

Ағылшын тілі – табыс кілті

Ағылшын тілінің маңызын түсінген Халел өз бетінше тіл үйреніп, университет жанындағы English Speaking Club-қа тұрақты түрде қатыса бастады. Нәтижесінде ол екі жыл ішінде IELTS емтиханынан 7.0 балл жинап, халықаралық деңгейдегі білімге жол ашты.

Халықаралық тәжірибе мен мансап

Бакалавриатты тәмамдаған соң ол халықаралық құқық магистратурасына түсіп, заңгерлік фирмада жұмыс істей жүріп оқу ақысын өзі өтеді. Кейін Big4 құрамындағы ірі халықаралық компанияда қызмет етіп, Қазақстандағы бизнеске корпоративтік кеңес берумен айналысты. Халел корпоративтік құқыққа қатысты көптеген кәсіби материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялап жүр.

АҚШ-тағы жаңа кезең

2023 жылы Халел АҚШ пен Ұлыбританияның бірнеше беделді университетінен шақырту алып, Чикагодағы заң магистратурасына 75% грантпен оқуға түсті. Қазіргі таңда ол Иллинойс штатының Прокурорлар басқармасында (Attorney General Office of Illinois) қылмыстық және азаматтық істер бойынша прокурор көмекшісі болып қызмет атқарады.

Жастарға арналған кеңесі:

– Өзіңізге сеніңіз – тіпті ешкім сенбесе де, сенім сіз үшін басты күш.
– Қателіктен қорықпаңыз – әрекетсіздік одан да қауіпті.
– Әрдайым талап етілгеннен көбірек жасаңыз.

«Ертеңіңіз бір жылды өзгертуі мүмкін, ал кеше алыста қалған бес жылдай көрінеді. Қазірден бастаңыз», – дейді Халел Туғанбаев.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.