Өңірде қазіргі таңда газдандыру жұмысының 56,5%-ы аяқталды. Демек тағы 63 жоба іске асса газдандыру деңгейі 71,4%-ға жетеді. Осылайша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізеді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Айдос Бекетаевтың айтуынша, биыл 45 жобаны іске асыруға бюджеттен 7,9 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Газдандырудың екінші кезеңінде Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құны 131,7 млрд. теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.
Магистраль құрылысы біткеннен кейін газ тарту жұмыстары басталады. Соның нәтижесінде 192 елді мекен газдандырылып, облыстың 624 мыңнан астам тұрғыны немесе халықтың 91 пайызы кагілдір отынға қол жеткізеді.