Талдықорған: +21°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында «Шаңырақ күні» аясында 60 отбасы жаңа пәтерлі болды

17.03.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысында «Шаңырақ күні» аясында 60 отбасы жаңа пәтерлі болды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Наурыз мерекесін атап өту аясындағы Шаңырақ күніне орай әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға облыс орталығында жаңа 60 пәтер берілді.

Талдықорғандықтарға пәтер кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды. 

Жалпы «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржысына тұрғызылған бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған болатын. Бүгін пайдалануға берілген үйдің 15-і — бір бөлмелі, 15-і – екі бөлмелі, 30-ы – үш бөлмелі пәтерлер.

Өңір басшысы «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, Талдықорған қаласына жасалып отырған қолдаулар шараларына, соның ішінде тұрғын үй құрылысын жандандыруға қатысты жұмыстарға қысқаша тоқталды.

— Бүгін заманауи үлгіде салынған, әдемі, жайлы үй өздеріңіз сияқты біршама жылдан бері кезекте тұрған азаматтарға беріліп отыр. Жалпы облыс көлемінде «Самұрық Қазына» қоры бізге Талдықорған қаласында, сол сияқты Панфилов және Кербұлақ аудандарында тұрғын үйлер салып береді. Бүгін сол үйлердің алғашқы легі өздеріңізге ұсынылып отыр. Өткен жылы тұрғын үй берудің барлық бағыты бойынша Талдықорған қаласының өзінде 1283 отбасы баспаналы болса, биылғы жылы 1 500-ге жуық отбасыға баспана кілттері табысталатын болады. Бұл ретте жыл басынан бүгінгіні қоса алғанда 188 отбасы үйлі болып отыр, — деп атап өткен Б. Исабаев алдағы жоспарлар жайын тілге тиек етіп, жаңа пәтер иелеріне ізгі тілегін білдірді.

Мүгедек бала асырап отырған ана Гүләйім Абилхамиева да жаңа қонысқа ие болғандардың бірі.

— Үш балам бар. Кемтар бала өсіріп отырғандықтан, баспананың жайлы болуы бірінші кезекте маңызды. Бұған дейін ұзақ жыл жер үй жалдап тұрдық, жайлы үй жалдауға мүмкіндігіміз болмады. Он үш жыл үй кезегінде тұрдық. Бүгін қолымызға жаңа пәтердің кілті тиді. Бәрінен де баламның күтіміне жайлы болатынын ойлап, ерекше қуанып тұрмын, — дейді ол қуанышын жасырмай.

Қоныстойын атап өтіп жатқандардың ішінде көп балалы отбасылар да бар.

— Өзім «Күміс алқа» иегерімін. Балаларым байлығым деп білемін. Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында мемлекеттен 3 бөлмелі жаңа пәтер беріліп отыр. Бүкіл әулетімізбен қуанып жатырмыз. Тұрғын үймен қамту ісінің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысым шексіз. Барша қоныстой иелерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймын, — деді Ақтоты Анкежанова.

Талдықорғандық жалғызбасты ана Надежда Сухомлинова да жаңа пәтерге қол жеткізгеніне риза:

— Үш баланың анасымын. Үлкенім қазір пәтерақы төлеміне, тұрмысымызға жәрдемдесу үшін басқа қалаға жұмысқа кеткен. Енді өз баспанамызға қол жеткіздік, бәріміз бір шаңырақ астында тұратын боламыз, — дейді ол.

Еске салсақ, «Шаңырақ күнінде» белгіленген іс-шаралар отбасы институтын нығайтуға, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталуда. Осыған орай облыстың аудан-қалаларында елу жыл отасқан отбасылармен кездесулер, үлгілі шаңырақ иелерімен сыр-сұхбаттар, жас отбасылар байқаулары, неке қию рәсімі, жаңа туған жас нәрестелер мен олардың аналарын құттықтау, т.б. шаралар кеңінен өткізілуде.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуретті түсірген: Жеңіс Ысқабай. 

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.