Талдықорған: +25°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісулық дәрігер ұшақта жағдайы күрт нашарлаған жолаушыны ажал аузынан алып қалды

29.01.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісулық дәрігер ұшақта жағдайы күрт нашарлаған жолаушыны ажал аузынан алып қалды
WhatsAppTelegramFacebook

Сауд Арабиясындағы қажылықтан елге оралып келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында өлімнен аман қалды. Дәрігер оның өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға аман-есен жеткізген.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Павлодар қаласының тұрғыны Мұрат Иманғазинов биылғы 19 қаңтар күні Сауд Арабиясындағы Жидда қаласынан Алматыға ұшақпен ұшып келе жатып, аяқ астынан денсаулығы күрт нашарлайды. Тұмауға қарсы дәрінің бірнешеуін ішіп, ұйықтап кеткен отағасы арада бір сағат өткенде бет-аузым адам танымастай ісіп ояндым дейді.

— Аллергиялық ауру пайда болғанын бірден сезіндім. Бетім, мойын тұсым ісініп кеткен. Жерден 10 мың метр биіктікте келе жатқан соң ба, тынысым тарылып, қан қысымым көтеріліп, ахуалым нашарлап бара жатқанын сезіндім. Бортсерік қырғыз қызы менің жағдайымды ұшақ ішіндегі жолаушыларға хабарлап, шұғыл түрде дәрігер қажет екенін айтып жатты. Абырой болғанда бізбен бірге Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов деген азамат ұшып келе жатыр екен. Ол бірден жаныма келіп, дәріхана қобдишасын алып шықты да, маған екпе жасап, система салуды бастап кетті. Бұл уақытта біз шамамен Қап тауларының үстінде ұшып келе жатыппыз. Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырамыз деген шешім қабылдаған екен. Бірақ Жаннұр Мәуленұлы өз ісінің кәсіби маманы екенін танытып, менің өмірім үшін төрт сағаттай күресіп, Алматыға аман түсірді. Өміріме араша түскен абзал жанға шексіз ризашылығымды айтқым келеді, — дейді Мұрат Иманғазинов.

Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы, Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқаратынын анықтадық. Сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан беті екен.

«Науқасқа өмірімде әуеде медциналық көмек көрсетем деген ой болмапты. Әкеме үнемі ем-дом жасап жүретіндіктен, жанымда дәрі-дәрмек қобдишасын ұстайтынмын. Бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқас ағаның жанына жедел барып қарасам, көзінің айналасы мен беті ісіне бастаған. Мұны медицина тілінде «Квинке ісінуі» деп атайды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі ықтимал. Бірден «Аллергопресс» және «Преднизолон» препараттарын ектім. Одан соң қан қысымын өлшеп, тілінің астына таблетка салдым. Система салуды да бастап кеттім», — деп еске алды телефон арқылы тілдескенімізде Жаннұр Сырымов сол бір оқиға жайында.

Абзал жанның Гиппократтың антын қабылдап, медицина саласына араласқанына 15 жылдың жүзі болған. Уролог-трансплантолог бағытын меңгерген. Көксу ауданындағы қызметіне дейін Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бүйрек трансплантологиясы, урология және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің меңгерушісі, Талдықорған қаласында аурухана басшысының орынбасары болып еңбек еткен. Негізі медицина саласындағы алғашқы қызметін санитарлық фельдшер болып бастапты. «Мұндай шұғыл сәттерде не істеу керек екенін білемін», дейді ол. Әрі бортсерік қыз да көмектесіп жанында жүргенін жеткізді.

Жаннұр Мәуленұлының жары да медицина саласында, сәулелік диагностика дәрігері болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар шаңырағында 5 баланы өсіріп, көпбалалы әрі үлгілі отбасы атанып отыр. Сырымовтар отбасы 2023 жылы Жетісу облыстық «Көшбасшы» байқауында «Үздік жас отбасы» номинациясын иеленген.

Flynas әуе компаниясының бортсерігі Ұлкелсін Осубалиева мұндай оқыс жағдайды өз қызметінде алғаш рет кездестіріп отырғанын әңгімеледі.

— Өзім Қырғыз елінің азаматымын. Біраз жылдан бері Сауд Арабиясының әуе компаниясында еңбек етіп жүрген жайым бар. Алматыға айына кем дегенде бір мәрте ұшып келіп, ұшып кетеміз. Жолаушы Мұрат Иманғазиновтың жағдайы нашарлаған алғашқы сәтте капитанымыз ұшақты кері бұрып, Жидда қаласының әуежайына қонуға шешім қабылдаған. Бірақ кейін білгеніміздей, кері оралып, жерге қонғанша оның өмірін аман сақтау қалуға уақыт жетпейді екен. Дәрігер Жаннұр Сырымовтың бұл рейске отырғаны да кездейсоқ болмаған деп ойлаймын. Өмірде талай ғажайыптар болады, бірақ адамды өлім аузынан алып қалған дәрігердің ерлігіне тұңғыш рет куә болдым,-деді бортсерік қыз ағынан жарылып.

Алматы әуежайы Flynas әуе компаниясының ұшағын әуежайға қондырып, М.Иманғазиновты жедел жәрдеммен күтіп алған. Отағасының жағдайы бүгінде қалыпты, Павлодардағы отбасына оралды.

Фото: Кейіпкерлердің жеке архивінен

Қатысты жаңалықтар

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

Бәйгеден облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды

09.05.2026
Майданнан қалған жәдігер

Майданнан қалған жәдігер

09.05.2026
Майлышаттан майданға дейін

Майлышаттан майданға дейін

09.05.2026
Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

Жетісуда Жеңіс күні ұлықталды

09.05.2026
Сарғайған  сурет сыры

Сарғайған сурет сыры

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.