Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Алматы және Жетісу облыстарындағы автожолдарды дамытуға қатысты депутаттардың сауалына жауап берді.
«2024 жылға дейін Көкпек – Кеген – Түп (89 км) автомобиль жолында 38 км-ге (41-68 км және 88-99 км) күрделі жөндеу жүргізілді. Осы жылдың соңына дейін Кеген – Нарынқол жолында ұзындығы 15 км (74-89 км) учаскені орташа жөндеуді аяқтау жоспарлануда», — деп мәлімдеді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы Жалаңаш – Саты – Көлсай көлі (18-21 км), Көкпек – Кеген – Түп (26-41 км, 74-88 км) және Кеген – Нарынқол (0-23 км) автомобиль жолдарының учаскелерін жөндеуді бастау жоспарлануда.
«Жетісу облысының жолдары бойынша, Сарыөзек – Көктал жолының жалпы ұзындығы 178 км құрайды. Өткен жылы 42 км жолды (68-110 км) орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда 85 км жол орташа және күрделі жөндеумен қамтылған және осы жылдың соңына дейін 23 км (45 – 68 км) пайдалануға беріледі, қалған бөлігі (62 км) 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады», — деді үкімет басшысы.
Сонымен қатар премьер Сарыөзек – Көктал (51 км) жолының басқа учаскелерінде көрсетілген сыртқы қаржыландыру көздері есебінен орташа жөндеу жүргізу мәселесі қаралатынын атап өтті.
Үкімет басшысының мәлімдеуінше, облыстық маңызы бар Лепсі – Ақтоғай автомобиль жолының жалпы ұзындығы 110 км құрайды, оның 35 км (0-35 км) 2021 жылы реконструкциялау аяқталды. Бүгінгі таңда осы жолдың ұзындығы 75 км (35 – 110 км) қалған учаскесін реконструкциялау жалғасуда.
«Өз кезегінде Жетісу облысы әкімдігінің алдына 2025 жылдың соңына дейін осы жолды реконструкциялауды толығымен аяқтау міндеті қойылды», — деді премьер-министр.
Дереккөз: kaztag.kz
Фото: gov.kz