Жетісу облысы Ақсу ауданындағы жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тас жолында жедел жәрдем көлігі мен «Урал» жүк машинасы соқтысты. Жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем машинасының 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екендігі алдын ала анықталды, ол рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел-жәрдем машинасының жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында қайтыс болды.Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,- деп хабарлады ресми мекеме.
Фото: көрнекілікке алынды





