Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ

29.12.2022
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Жаңа жыл қарсаңында өңіріміздің өркендеуіне, рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек ардагерлерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Бейбіт Өксікбайұлы кездесуге қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Бүгін сіздермен мереке қарсаңында дәстүрлі кездесуде бас қосып отырмыз. Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын! Бәріңіз де еліміздің, соның ішінде Жетісу өңірінің өсіп-өркендеуіне еңбек сіңіріп, қызмет еттіңіздер. Жетісу бүгінде қандай да бір жетістікке жетсе, онда сіздердің де үлестеріңіз бар. «Тәлімі мол қария – толып аққан дария», – дейді халық даналығы. Мен облыс жаңадан құрылып, өңірге әкім болып тағайындалған кезде ең алғаш өңірдің ақсақалдар кеңесімен кездесу өткізген едім. Енді жылды қорытындыланар тұсында тағы бір мәрте жолығып отырмыз, – деп ізгі тілегін білдірді.

 Сонымен қатар, облыс әкімі Мемлекет басшысы Жетісу облысына арнайы іссапармен келгенде облыстың алдағы даму бағытына қатысты бірқатар тапсырма бергендігін айтып, өңірдің жетістігі мен көрсеткішіне кеңінен тоқталды.

Мемлекет басшысы ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын жақсарту екеніне баса назар аударып, аймақтың төл дақылы саналатын қант қызылшасы өндірісін жолға қою, Ақсу қант зауытын толық қуатында жүргізу туралы міндеттер жүктепті.

Бүгінде Ақсу қант зауыты қамыс құрағын өндіретін жаңа желіні құрастыру жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылдың ақпан айында алғашқы өнімді шығара бастайды деп жоспарлап отыр. Жалпы биыл 4,3 мың гектар алқапқа қант қызылшасы егіліп, одан 182,3 мың тонна тәтті түбір жиналды. Келесі жылы қант қызылшасының алқабы 8 мың, ал, 2026 жылға қарай 15 мың гектарға дейін ұлғайтылады екен.

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, қайта айналымға енгізу шаралары қабылдануда. Жыл басынан бері мемлекет меншігіне 107 мың гектар жер қайтарылып, 448 мың гектар жайылымдық жер айналымға енгізілді.

 Алакөл мен Панфилов аудандары Қытаймен шекараласады. Бұл біздің облыстың экономикасына зор мүмкіндік беріп отыр.  «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы Қытай, Орта Азия және Еуразиялық одақ елдерімен арадағы тауар тасымалында ірі көлік-логистикалық хаб болып саналады. Сол аумақта жалпы құны 450 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске асыруды көздеп отыр. Мәселен, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы іске асқанда 2 мың адам жұмыспен қамтылып, 1 трлн. теңгедей инвестиция тартылады. «Достық» стансысы жағында да осындай іргелі жобалар қолға алынып жатыр.

Кездесуге жиналған ардагерлер мен шығармашылық өкілдері кезек-кезегімен сөз алып, өңірімізде атқарылып жатқан шаралар бойынша өздерінің ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Атқарылған жұмыстардың нәтижелі болуына тілектестік танытты.

 

Айдар ҚАЛИЕВ, 
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
Қаламгер мұрасы насихатталды

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.