Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУ ТАРИХЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС

13.01.2023
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУ ТАРИХЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС
WhatsAppTelegramFacebook

Тамырлы тарихымызды саралап, ұлттық сананы жаңғырту мақсатында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 24 қарашада саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жайында Жарлығы шықты. Бұл тарихи шешім бізге келелі міндет жүктеді. Алматы және Жетісу облысының ішкі саясат басқармалары мен  «Арыс» қоғамдық қоры «Жетісу тарихы: жаңа көзқарас» тарихи-танымдық ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруда. 
Осы орайда белгілі ғалымдар мен өлкетанушылар, қоғамдық ұйым жетекшілері Жетісу өңіріне табан тіреді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Талдыбек Нұрпейіс жетекшілік еткен комиссия құрамында Еркін Стамшалов, Жандарбек Қарабасов,  Құрметбек Сансызбай сынды зиялы қауым өкілдері болды. Алакөл, Сарқан, Ақсу, Қаратал аудандарын араладық. 
Сапар барысында небір қызықты, тағылымды оқиғалардың куәсі болдық. Конференцияға жиналған қауымның жалпы тарихқа, оның ішінде өлке тарихына деген қызығушылығын байқадық. 
Айдынды Алакөлде өткен ғылыми-зерттеу экспедициясы аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында өткен жиынға ұласты. Жиынға 60-қа жуық жергілікті өлкетанушы, тарих, тіл-әдебиет пәндері мұғалімдері, ақсақалдар, аудандық кітапхана, газет қызметкерлері қатысты. Экспедиция мүшелері жиналғандарға жобаның мақсаты туралы айтып  өтті. Алдымен академик Талдыбек Нұрпейіс Жетісу тарихының өзекті мәселелеріне тоқталды. Жетісу өңірінің отарлануынан бастап, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, тарихи орындар туралы баяндай келе шежірені қайта зерделеу үшін өткеннің деректерін жинастырып, басып шығару, ұлт кәдесіне жаратудың маңыздылығына тоқталды. Алакөл ауданында кеңестік саясатқа қарсы шықты деп жазаланған Әлиасқар Басшығұлов туралы мәлімет бар екенін айтты. 
Экспедиция мүшесі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссия жұмыс тобының жетекшісі,              Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты phd-докторы Еркін Стамшалов Жетісу, соның ішінде Алакөл өңірінің XX ғасырдың 20-30 жылдардағы тарихына қатысты мәліметтермен бөлісті. 1930 жылдың басынан күштеп ұжымдастыруға, шаруашылық-саяси науқандарға қарсылық ретінде бұрқ ете қалған шаруалар көтерілісі шекаралық аудандарда босқыншылықпен астасып жатты. ОГПУ мәліметтерінде Бүйен-Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарында асыра сілтеу орын алғаны баяндалады. 1930 жылдың ақпан айында Бүйен-Ақсу ауданының         № 1-4, 6,12,13  ауылдарынан жиналған 500 шақты шаруа бұрынғы болыс басқарушысы Бисетай Қылиевтің басқаруымен көтеріліске шықты. Көтерілісшілерді Қаратал, Сарқан аудандарының М. Бұрханов, Р. Бөтебаев, С. Өтегенов бастаған шаруалары қолдады. ОГПУ мен жазалаушылар тарапынан көтерілісшілерге қарсы тұрақты армия бөлімдері, әскери авиация пайдаланылғаны айтылды. Алакөл өңірінің шекаралық пункттерінде Қытайға босқан халық қырғынға ұшырады. Қапал, Абакумовка, Сарқан, Покатиловка, Алакөл мекендерінде Бурханов, Өтегенов, Т. Тұрысбеков, Б. Қылиев, Қ. Қылиев, С. Қылиев, И. Дүйсебаев (Антоновка)   Қ. Әділбеков  (Арасан) М. Дулатов, Қ. Байдашевтердің халық көтерілісіне басшылық жасағаны баяндалды. Аштықтан, түрлі күштеу шаруашылық-саяси науқандарынан мезі болған халық Қырғыз, Қытай елдеріне босты. Алакөл, Бүйен-Ақсу, Қапал, Қаратал, Қызылағаш, Сарқан аумағы 1930 жылдың көктемінде соғыс даласына айналды. Кеңес өкіметі жергілікті наразы шаруаларға қарсы тұрақты армия бөлімдерін, әскери авиацияны пайдаланды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде алғашқылардың бірі болып Кеңестер одағының батыры атағын алған Илья Павлович Мазарук Алакөл, Бүйен-Ақсу, Сарқан ауданында №126 әскери самолетпен жергілікті халықтың наразылығына қатысушы шала қаруланған адамдарға әуеден оқ боратып, қырған. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жетісу облыстық комиссиясы Жетісу өңірінде жалпы саны 23 ірі халық көтерілісі болғанын анықтады. 
Өз кезегінде мен сөз алып, Жетісу тарихына қатысты жарық көрген еңбектерімді атап, өлке тарихының әлі толық зерттелмей жатқан мәселелеріне тоқталдым. Ыбырайым Жайнақов, Мұхамеджан Тынышпаев, Тұрар Рысқұловтардың Жетісудағы тарихи оқиғалардағы рөлін, Алакөл өңірінің тарихын жазуды жергілікті көнекөз қариялардың, қолда сақталған деректердің маңыздылығын атап өттім. 
Сол секілді Сарқан, Ақсу, Қаратал ауданына жасаған сапар барысында тамырлы тарих жайлы, өткен мен бүгін туралы терең толғамдар жасалды. Сарқан аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбек, өлкетанушы-ақын Жомарт Игіман, тарих пәнінің мұғалімі Есбала Сүдірбаева, аудандық  кітапхана басшысы Гүлнәр Мерхатқызы, архив директоры Маржан Карипова, Жетісу облыстық мемлекеттік архиві КММ Ақсу филиалының директоры Гүлжан Мейрамбекқызы,  Қаратал аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы Рахымғали Өтегенов,  жергілікті өлкетанушы Қараша Қараман, №13 мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлнәр Жаңабаева сынды әр өңірдегі азаматтар рухани сапардың шырайын кіргізіп, жобаның жүзеге асуына өз үлесін қосты. 
Экспедиция барысында халықтың қатпарланып жатқан тарихымызға қызығушылығын байқадық, әсіресе жастардың ыждағатпен қатысқаны бізді қуантты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты мақаласында: «…Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тиіс», – деп айтқанын әрқашан есте ұстауымыз керек!

 

Жандарбек ҚАРАБАСОВ,
тарихшы-өлкетанушы, 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026
Декреттік төлем шегі артты: Болашақ аналар нені білуі керек?

Декреттік төлем шегі артты: Болашақ аналар нені білуі керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.