Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісулықтар үздік шықты

16.11.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Астанада «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған шаралардың бастауы ретінде өткен Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумына мыңнан астам қонақ пен 600 партия мүшесі қатысып, саяси ұйымның жаңа Концепциясының қабылдануына куә болды. Форум жұмысына Жетісу өңірінен қатысқан 43 делегат Концепцияның талқылауына ұсыныс қосты.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған республикалық форум қорытындысында өткен пленарлық отырыста «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасы, партия Төрағасының құттықтау сөзін оқып, Мемлекет басшысының форум қатысушыларына арнаған ыстық ықыласын жеткізді. Елбасы өзінің құттықтау сөзінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейлі белесіне орай өткізіліп отырған Бастауыш партия ұйымдары бірінші форумының ашылуымен құттықтап, айтулы оқиға партияның ең басты ресурсы – оның мүшелері, яғни Отанымыздың дамуына, өркендеп, гүлдене түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан қоғамның ең белсенді әрі жауапты өкілдері екенін атап өткен.
– Бүгінде біздің алдымызда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына енгізетін жаңа даму моделін қалыптастыру міндеті тұр. Мен биылғы Жолдауымда еліміздің даму деңгейі әрбір азаматымыздың әл-ауқатымен өлшенетінін атап өттім. «Нұр Отан» партиясы жетекші саяси күш ретінде дамудың локомотиві болып қана қоймай, сонымен бірге, әр қазақстандықтың мемлекеттің әлеуметтік саясатының игілігін сезінуінің кепілі де болуы тиіс. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін партиямыздың өзі де жетіліп, заманауи үрдістер мен талаптарға сай жұмыс істеуге бейімделгені жөн, – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.
Алқалы жиында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртай Сәбилянов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова сынды халық қалаулылары мен бастауыш ұйымдардың төрағалары, белсенді партия мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері кезекпен сөз алып, ауқымды басқосудың маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы мақұлданып, алдағы басым бағыттар анықталған форумда «Үздік бастауыш партия ұйымдары» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Осыған орай сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев:
– Өздеріңізге белгілі, келер жылы партиямыздың 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде біздің партиямыз еліміздегі жетекші саяси ұйым ретінде қалыптасу жолынан сүрінбей өтті, – деп бастауыш партия ұйымдары көтерген жауапкершілік жүгінің ауыр екендігін ұғындырды.       – Партия негізі қаланған күннен бастап экономикалық, әлеуметтік және саяси саладағы Елбасы саясатының басты әрі негізгі орындаушысы болып келеді. Содан бері біз барша қазақстандықтарды Президент реформаларын қолдауға жұмылдырып, ауқымды жұмыстарды атқардық деп айтуға толық негіз бар. Бұл істе бастауыш ұйымдарымыздың маңызы зор. Партиямыздың негізін дәл осы сіздер, яғни бастауыш ұйымдар құрап отыр. Біздің жеңістеріміз бен жетістіктеріміздің барлығы сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі.
Оның айтуынша, жаһандық сын-қатерлерге лайықты төтеп беру мақсатында Елбасы айқындап берген нақты мақсат-міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін алдымен партияның өзі ХХІ ғасырдың барлық талаптарына сай, тиімді, жоғары технологиялы, инновацияға бейім, бәсекеге қабілетті саяси ұйым болуы тиіс. Осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда. Мысалы, еліміз бойынша 47 мектептің жанындағы спорт алаңы жаңартылып, қайта жабдықталды. Кітапханалардың ішінен 120-ға жуық заманауи білім орталығы ашылды. Соның ішінен шалғай ауылдардағы кітапханаларды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар, «жасотандық» еріктілер ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету үшін белсенділік танытса, мектеп асханаларын жаңғырту жобасы бойынша да тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр.
Форумда Алматы облысы Іле ауданындағы «Бент» бастауыш партия ұйымы жүлделі үшінші орынға ие болып, қаржылай сыйақы алды. Төрағасы Дінмұхаммед Кузиев екі жылдан бері республикалық бастауыш партия ұйымдарының байқауларында жеңімпаз болып келе жатқан «Бент» бастауыш партия ұйымы дәстүрлі мерекелер мен шығармашылық бастамаларға, жас кәсіпкерлерге қолдау танытатын мекеме ретінде саяси жұмыста да барынша белсенділік танытуда.
Әріптестерімізге құтты болсын айтамыз!

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.