Соңғы уақытта аймағымызда жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Атап айтсақ, жыл басынан бері 203 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 67 қылмыстық іс бойынша адам өлімі орын алса, 19 іс мас күйінде көлік жүргізуге байланысты қозғалған.
Жүргізушілер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Шілде айының 17 күнінде ғана жол-көлік оқиғасы бойынша 20 қылмыстық іс тіркелген. Оқыс оқиғаның барлығы қалалық және аудандық жолда болды. Себебі, көліктер саны күннен күнге артып келеді. Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: ortcom.kz