Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЫР ЖАУҒАН КҮН

7 желтоқсан 2018
КҮЛТӨБЕ
ЖЫР ЖАУҒАН КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

   Ол күні жерге түскен әрбір тамшыдан өлең иісі аңқып тұрды. Қолшатырға тығылған қос ғашықтың риясыз махаббатын еселей түсуге асыққандай жыр моншақтары төгілді аспаннан. Сондай ыстық, сондай мөлдір күйде. Оны бізге сыйлаған — Жетісуға ғана емес, күллі Қазақстанға танымал ақын Сағыныш НАМАЗШАМОВАНЫҢ “Қауырсын-ғұмыр” атты шығармашылық кеші.

 

   Оқушылар сарайында өткен театрландырылған әдеби-сазды кеш ерекше қырымен есте қалды. Ақсу халық театрының талантты әртістерінің өлеңге құрылған қойылымы көрермендерді бір толқытты. Айлы түннің аспанында отырып, ақынның ауылға деген сағынышын жеткізген қыз-жігіттер өміршең туындыларға жан бітірді.
   Кеш иесі сазгерлік қабілетімен де көзге түсті. Олай дейтін себебіміз, шара барысында Сағыныш Сабыржанқызы туған қызымен дуэтте ән орындап, жиылған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әуені мен мәтіні үйлескен, ана мен қыздың диалогы ретінде өрбитін туынды кешті тіптен ажарландырып жіберді. Оған дәлел – соғылған шапалақ пен ыстық ілтипат.
   Ақынның қаламды серік еткен, алыс-жақыннан келген аға-інілері де қалыс қалған жоқ. Олар ақын шығармашылығынан бір-бір өлең оқып, гүл шоқтарын табыстады. Сыршыл лирикамен үн қатқан ақынның жыр кешінің соңында «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын Саят Қамшыгер сөз алып, мерейтойымен құттықтады.
– Құрдасымның шығармашылық кеші өте қызықты, өзгеше болды. Кеште отырып бейнебір қойылым көріп отырғандай әсерлендім. Біздің буынның ішіндегі ерекше тынысты ақын қыз – Сағыныш лирикасымен өлеңсүйер қауымды тербетті. Кештің режиссері де өзі екен, – деді.
   Одан кейін ақын Ерлан Жүніс Қазақстан Жазушылар одағының атынан жаны лирикаға толы жауқазын жыр авторына Алғыс хат табыс етті. Осы орайда айта кеткеніміз жөн шығар, кеш аяқталмай жатып, әлеуметтік желі ақынның мекенжайына жолданған жылы жазбаларға толып кетті. Әдебиетші Назым Дүтбаева: “Сағыныштың кешінде бір өлең маған қатты әсер етті. Балаларыма еміренгенде, олардың тілеуін тілегенде дәл осы сөздерді тауып айта алмай жүр едім. Сағыныш соны сезгендей! Аналардың тілегі бір! Ақынның артықшылығы оны жеткізе алатын дарынында”, – дей келіп, жанына әсер еткен өлең шумақтарын көлденең тартты.
Алтыным, сүрінгенің, құлағаның –
Бекітіле бастауы бұғананың.
Жер-ананың жылуын сезін солай,
Сүйегені не болар бір ананың?

Құлыным, құлағаның, жылағаның –
Шырқағаның қосылып бұлақ әнін.
Кең даланың дауысын ұғынып өс,
Тербеткені не болар бір ананың.

Анау не, мынау не деп сұрағаның –
Дүниенің тетігін бұрағаның.
Үлкен ұстаз өмір ғой, үлгеріп қал,
Үйреткені не болар бір ананың?

   Иә, бұл – ақынға деген құрметтің белгісі. Оның шығармашылығына қызығушылықтан туған пікір. Кеш кейіпкері “Айқын” газетіне берген сұхбатында: «Өлеңнің өгейсірегені өз жаның өзіңді өгей көргеніндей ғой. Жаныңа азық болуға не керек, соны жасасаң, өлең өгейсіремейді. Мен қазір проза мен поэзияны оқуды біраз доғарып қойдым. Әрине, оқитын дүние ұшан-теңіз. Бірақ дәл осы сәтте менің жаным жаратылыстың қыр-сыры, ғаламның жұмбағы туралы сұрақтарға жауап іздегісі келетінін түсіндім. Ол ақпараттың бәрін көзсіз қабылдай бермей, көкірек сүзгісімен оқуға тырысамын. Әр күні алдыңнан шексіз кеңістіктер ашылған сайын таңырқайсың, таңданасың, өмір сүргің келеді, өлең жазғың келеді. «Уақыт десе шығады жан дауысым, жан дауысым – ол менің таңданысым. Уақытты ойлап тапқан екенбіз ғой, Кеңістікте адасып қалмау үшін» деген өлеңді сондай сәттерде жазсам керек. Жалпы, менің ойымша, өлең өгейсіремейді, тек аз ғана уақытқа дамылдауы мүмкін”, – дейді ағынан жарылып.
  Кешегі Фаризалардың сарқытындай киелі сөзді бойына сыйдырып, оны өлеңмен өрнектеген ақын қыздың арманы асқақ, мұраты биік. Бұл – қырыққа толған қаламгердің поэзия патшасына берген есебі ғана. Әлі алда үлкен жол жатыр. Демек, болашақта талай жыр-жауһарларын өмірге әкелері күмәнсіз.

Мұхтар КҮМІСБЕК.

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.