1989 жылдың 15 ақпан күні КСРО-ның соңғы әскери бөлімі Ауған жерінен шығарылды. Осы тарихи күнгеьСарыозек ауылындағы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Интернационалист» саябағында Ауған жерінде қаза тапқан жерлестерімізге Ауған соғысының ардагерлері мен аудан халқы тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Алдымен шара аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының ардагерлерді жеке қабылдауынан басталды. Аталмыш кездесуге аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлы, аудандық мәслихат төрағасы Бекиев Қайрат Ботайұлы, ауған жеріндегі соғысқа қатысушы ардагерлер мен дүниеден озған ауған соғысына қатысушылардың жұбайлары және туыстары қатысты. Аудан басшысы “Сіздердің өлшеусіз ерліктеріңіз бен отан сүйгіштіктеріңіз жас ұрпаққа өнеге. Ауданымызда өздеріңіздей батыр ағаларымыздың барын мақтан тұтамыз! Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар. Сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні! Сіздердің ел үшін жасаған ерліктеріңізді мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елімізде бақытты ғұмыр кешіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілей отырып, осы жылы Кеңес әскерлерінің ауған жерінен әкетілгеніне 32 жыл толуы мерекесімен баршаңызды шын жүрекпен құттықтаймын”, — деп ізгі лебізін білдірді.
1989 жылдың 15 ақпан күні КСРО-ның соңғы әскери бөлімі Ауған жерінен шығарылды. Осы тарихи күнгеьСарыозек ауылындағы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Интернационалист» саябағында Ауған жерінде қаза тапқан жерлестерімізге Ауған соғысының ардагерлері мен аудан халқы тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Тағзым ету шарасын аудан әкімінің орынбасары Әденов Нұрлан Бақтыбайұлы ашып, “Аса қымбатты Ауған соғысының ардагерлері, қадірлі қауым, қымбатты жерлестер! Отан алдындағы әскери міндетін адал атқарған ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, ерлік істерін насихаттау, тарихтан әділ бағасын беру бүгінгі күннің басты бағыттарының бірі. Осынау отты жылдары бейбіт өмір үшін күрескен қазақстандықтар сапында күреңбелдік азаматтардың да ерлік үлгісін танытып, жан аямай отқа түскені белгілі. Отанға деген адал қызмет еткен жерлестерімізді біз әрдайым мақтаныш етіп келеміз. Ауғандық ардагерлерге құрмет көрсету, есімдерін жас ұрпаққа насихаттау бағытында жыл сайын түрлі деңгейде мәдени көпшілік шаралар өткізіліп келеді. 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай күреңбелдіктер атынан шынайы тілегімді білдіре отырып, Сіздерге және сіздер арқылы барша Ауған соғысының ардагерлеріне мықты денсаулық, отбасы амандығын тілеймін. Тәуелсіз елімізде бейбітшілік салтанат құра бергей!”, — деп өз сөзін аяқтады.
Жауынгер сарбаздарымыздың қырағы ерлігі мен жүріп өткен жолына, қайсарлық рухына тағзым етер бүгінгі ұрпақ оларға қашанда құрметпен қарайды.
1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болып, оның соңы соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Кеңес әскелерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22мыңнан астам жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Бүгінгі таңда, Қазақстанда10 мыңға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3 мыңдайы мүмкіндігі шектеулі жандар. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Бүгін он жылға жуық созылған соғыста қаза болғандарды еске алып, ортамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсеттік.
Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бисембекова Раушан