Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Жеті қызым – жұмағым

08.03.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Жеті қызым – жұмағым

Құтты қоныс, құсни мекенің, ол жердегі жүрегі жылы қарапайым адамдар туралы жазу қандай ғанибет десеңізші?! Тоғыз жасымда қолыма алғаш қалам алып: «Ауылым менің Надегім, аман ба, туған нар елім», – деп тақпақтап едік. Содан бері де жиырма жылдан астам уақыт өтсе, енді, міне, алғаш рет өз туған ауылымның адамы туралы толғанғалы отырмын. Әрине, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай. Өйткені, аяулы жарымен бірге 7 қыз тәрбиелеп отырған Әділ Шапағатов есімді арда азамат, Надек ауылының жігіт ағасы, ауданға танымал көкпаршының лебізін оқырманға ұсынуды жөн деп білеміз. 

Иә, қарапайым ғана тірлік емген Надек ауылы Жоңғар Алатауының етегінде ірге тепкен. «Надек» сөзі қалмақша «Той орны» деген мағынаны береді. Шындығында Қарадаладай өр біткен жайлауы бар, Әбілхан Қастеевтей ұлы тұлғаның кіндік қаны бұрқыраған Шежін өзені шығысынан құлай аққан бұл ауылдың «той орны» аталатын жөні бар. Теп-тегіс әрі бедері жазық өрісі бар, ақ шаңқан үй тігуге, бәйге шаптырып, балуан күрестіруге қолайлы жер. Міне, осындай қасиетті мекенде бұрымы желкілдеген ибалы 7 қызды тәрбиелеп отырған Әділ Рақыбатұлы:

– Жаратушыға сансыз шүкір, жан шырағымдай, тал шынарымдай 7 қызым бар. Маған тәңірдің сый қылып берген бұл бақытына қашанда қуанамын. Қызы бар үйге берекет дарып, бақ ұялайды, – деп бастады әңгімесін. 

Расында, «Қыз өссе елдің көркі» деп мәтелдеген елміз. Бір үйдің тал бесігінде іңгәлеп көп қыз өмірге келсе, одан асқан бақыт пен байлық бар ма? «Салиқалы ердің, мықты азаматтың маңдайына қыз көп бітеді. Өйткені, қыз өсіру, оны абзал жан етіп тәрбиелеу мықты ер-азаматтың тағдырына жазылған» деген пайым бар. Бұл орайда кейіпкеріміз көкпаршы Әбіл:

– Қуаныштан құрақ ұшқан көңілдің қай күйін дөп басып суреттей аламын? Шындығында бақытты әкемін. Өйткені маңдайыма жеті қыз бітті. Жеті шынарыма асқар тау әке болу, оларға тәрбиенің таза шырынын ұсыну оңай емес. Қыз тәрбиесі қашанда қиын, ұл балаға қарағанда мүлдем бөлек қой. Желкілдеп өскен қыздарыңа ұлттың құндылығын дарытып, олардың танымына тектілікті  бағдар ете алсаң еліңе еңбек еткенің болып саналады. Өйткені жеті қыз – болашақтағы жеті ана! Ертеңгі күні шаңырақтың ұйытқысы болатын да осылар. Барған жерінің керегесін кеңейтіп, өрісін көктететін де қыздарың. Сондықтан қыз тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарауымыз керек, бұл тұрғыда өз басым әр қызымның тәліміне мән бердім деп айта аламын, – дейді ағынан жарылып.

Рас, босағасынан жақсы ат үзілмеген, тұлпарына мінсе шаршы топта сақа көкпаршы екенін алыс-жақын ауылдарға, қала берді, ауданға дәлелдеген Әділ Шапағатовтың дара азамат екені анық. Сөздің мәйектісін, ойдың мазмұндысын әңгімелер оның қыздары да ат құлағында ойнайды. Мұны наурыз мейрамы секілді ұлы дүрмектерде көзіміз көрген. Тәрбиесі берік қыздар текті елдің руханиятына да жаны құштар. Мәселен, тұңғышы Ұлтай қазақ әдебиетінің алыптары шығармашылығымен тынбай сусындап, әлем классиктерінің де туындыларын оқуды әдетке айналдырғанын білеміз.

– Қыздың еркелігін де, өзіне тән мінезін де көтеріп, қас-қабағын бағасың. Өйткені нәзік жаратылыс. Тұла бойы тұңғышымыз өзіммен бірге артындағы сіңлілерін ойлап, жол нұсқап отырады. Есімін апасы Ұлтай деп қойған, – деп әр қызының есімін атап, мінездерін атаған Әділ Рақыбатұлы: – Екінші қызым – Аяулым. Салиқалы, «дін – діңгегім» деп жасынан намазға бет бұрды. Қазір бір әулетті бақытты қыламын деп тұрмысқа шықты. Үшінші қызым Жанетта, салмақты, көп сөзге жоқ, өте еңбекқор. Алды-артына қарайлап, бәріне жәрдемін беріп жүреді. Одан кейінгі қызымның атын Ұлбала деп қойғанмын. Салмақтылығымен ерекшеленген, ақылы көркіне сай бұл перзентім спортқа да жақын. Атқұмар. Әзірге осы төрт қызымды оқыттым, – дейді асқар тау әке.

Әр қызының бойындағы қасиетін даралап, мінезіндегі ерекшелігіне қарай сүйсіне баяндаған кейіпкеріміздің қалған 3 қызы мектеп жасындағы бүлдіршіндер. «Бесінші қызым Аружан  9-сыныпта оқып жатыр. Бетке тура айтатын өткір, ақжарқын ашықтығы бар, еркем. Мектепішілік шараларға қатысып, белсенді шәкірт есебінде де әрбір дүниенің басынан табылады. Одан кейінгі Айтұмар қызым ұяңдау. Анасының қолғанаты. Мектепте үлгерімді шәкірт ретінде жақсы оқуға көңіл бөліп жүр. Ал кенжекейіміз Аянаттың қылығы тәтті, қазірден ән қосылса билей жөнеледі. Би өнеріне іңкәр кенжеміз әлден бізді қызыққа бөлеп, отбасымызды көңілдендіріп отырады», – деп қыздарын саралап, даралаған асқар тау әке Әділ Рақыбатұлы тәңірге риза жан. 
Қыздарының ұйымшыл екенін, әке-шеше үшін шынайы күйетін, жанашыр екенін ерекше атап өткен кейіпкеріміз: «Құдай қосқан зайыбым Бахаргүл екеуміз осы жеті қызды тәрбиелеп, бойымыздағы бар рухани дүниені олардың танымына сіңіруге тырысып жүрміз. Ата-ана үшін шынайы күйетін қыз баланың салиқалы болып өсуі елдің көктеп-көгергені деп білеміз»,
– дейді.

Шындығында жұмақ мекен Жетісуда 7 қыз өсіріп отырған тұлғалы азаматтың бақытты отбасының тірегі екені аян. Аяулы жеті қыз ата-анасына әлден қызығын көрсетіп, қолғанат болуда. 2023 жылдың қарашасында осынау текті елдің тәлімін алып, ата-анасының рухани тәрбиесін сіңіріп жүрген қыздары әкелері Әділді Пайғамбарымыз жүрген қасиетті мекенге жіберіп, Ұмраға жолдама алып беріпті. Қасиетті жерде қажылығын өтеп келген кейіпкеріміз сансыз шүкірін Жаратқанға жолдап, әр қызының бақытты болуына дұға жасап отырған жайы бар. Көз көріп, көңіл сүйсінген бақытты отбасының тірегі: «Жеті қызым – жұмағым» деп те толғанады. Расында, бір қыз өсіріп, оны текті етіп тәрбиелеген әкеге жұмақ қақпасы ашық екені хадисте жазылған. Ендеше, «Кіл қыз өсірдім деп налып жататын азаматтар бар, олай ету күпірлік екен. Мен қыздарыммен мақтанамын, оларға әке болғаныма сүйсінемін. Бақытты да, қызықты да қыз баладан көреді екенсің», – деп отырған ардақты жанға біз қалайша сүйсінбейміз?! Аяулы жары мен жеті қызғалдағының мерекесі құтты болсын дейміз сөз соңында.

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.