«MISS TALDYQORGAN – 2026» сұлулық байқауының жеңімпазы Малика Оқапова, ІІ Вице-мисс Аяулым Сабаз және ІІІ Вице-мисс Нұрай Сәрсенбай Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Жақында ғана өткен «MISS TALDYQORGAN – 2026» сұлулық байқауында үздіктер қатарынан көрінген арулар Талдықорған қаласындағы №389 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Бас жүлдені иеленіп, енді Талдықорған атынан республикалық «MISS KAZAKHSTAN» сұлулық байқауында бақ сынауға дайындалып жүрген Малика Оқапова жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті.
– Бүгін біз де өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Жастардың қоғам өмірінде болып жатқан маңызды үдерістерге қызығушылық танытып, белсенді болуы маңызды деп ойлаймын. Алдағы уақытта «MISS KAZAKHSTAN» байқауында Талдықорғанның намысын абыроймен қорғауға бар күшімді саламын, – деді Малика Оқапова.
Осылайша, «MISS TALDYQORGAN – 2026» байқауының үздік арулары бұл күні өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытты.





