Талдықорған: +26°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өнердегі өшпес мұра

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде қазақтың халық әртісі, әнші-композитор Дәнеш Рақышевтің 100 жылдығына арналған «100 жылдық жыр: Дәнеш салған әуен» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Мәдени шараға Дәнеш Рақышевтің қызы Гүлнар Дәнешқызы, шәкірттері – әнші, ҚР мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейіс, әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі Серікбол Шыныбаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрін, сондай-ақ мәдениет қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, білімгерлер мен оқушылар қатысты.

Көрменің ашылу салтанатындағы алғашқы сөз Нұржан Жанпейіске берілді.

– Қазақ қашанда өнерді де, өнерпазды да қадірлеген халық. Ғасырлық белеске жеткен Дәнеш ағамыздың мұрасы – бір кезеңнің еншісі емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазына. Оның өнері әлі де айтылып, жазыла береді. Бүгінгі көрменің ұйымдастырылуы – соның айғағы. Алдағы уақытта арнайы мұражайы ашылса, бұл – заңды жалғасы болар еді. Себебі Дәнештің өнері – дара құбылыс, – деген пайым білдірді.

Осы тұста ол Мұхтар Әуезовтің кезінде айтқан бағасын еске алды. Ұлы жазушының «Дәнеш, сенімен бірге бұл қазаққа ен байлық келіпті» деген сөзі өнер иесінің қазақ мәдениетіндегі орнын айқындай түседі. Расында, Дәнеш Рақышев өз жадынан жүзге жуық ән шығарып, ұлттық ән өнерін жаңа белеске көтерді.

Нұржан Жанпейіс ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі ерекшелігіне де тоқталды. Оның айтуынша, Дәнеш Рақышев әр шәкіртке бірдей емес, табиғатына қарай жол таба білген.

– Бізге әнді университеттің арнайы аудиториясында үйретсе, Серікбол Шыныбаевты  үйіне шақырып, шай үстінде отырып баулитын. Серікбол – Дәкеңнің ел ішін аралап жүріп тапқан олжасы. Сол себепті оған деген ықыласы да ерекше болды, – деген естелік келтірді.

Оның айтуынша, Дәнеш мектебінен өткен шәкірттер көп болмаса да, әрқайсысы – сол мектептің мәнін терең түсінген өнерпаздар. Бүгінде солардың ішінде Серікбол Шыныбаевтың ғылым жолына бет бұрып, алдағы уақытта PhD дәрежесін қорғауға дайындалып жүргені – ұстаз тәлімінің жаңа қыры ретінде бағаланады.

– Дәнеш ағамыз бізге әнді жай айту емес, оның ішкі мазмұнын түсінуді үйретті. Әр орындаушыдан ойлы көзқарас талап ететін. Сахнаға шығу – жауапкершілік, ал ән айту – сол жауапкершілікті сезіну, – деп түйіндеді ол.

Нұржан Жанпейістің пайымынша, Дәнеш Рақышев қалыптастырған өнер мектебі – мазмұн мен жауапкершілікке негізделген, уақытпен бірге құнын жоймайтын тағылымды жол.

Өнер иесінің болмысына тоқталған ақын Әміре Әрін Дәнеш Рақышевтің шығармашылық тұлғасын тереңнен толғап, оның қазақ өнеріндегі айрықша орнын атап өтті. Ол Дәнешті халқының жүрегінен орын алған, өнерімен ұлт руханиятын байытқан дара тұлға ретінде сипаттады.

Ақынның айтуынша, бүгінде өнер иесінің есімі берілген филармония – оның еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Бұл – Дәнеш Рақышевтің өнердегі ізі өшпейтінін, оның мұрасы халық жадында сақталып келе жатқанын айқындайды.

Сондай-ақ, ол мерейтой аясында ұйымдастырылған көрменің маңызын атап өтіп, осындай игі іске ұйытқы болған Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі ұжымына ризашылығын білдірді. Мұндай мәдени бастамалар ұлттық құндылықтарды ұлықтауға қызмет ететінін жеткізді.

Мұнан кейін өнер иесінің қызы Гүлнар Дәнешқызы әкесі жайлы естелігін ерекше ілтипатпен, ішкі толғаныспен жеткізді. Оның әңгімесі өткен күндердің дерегін ғана емес, әке мен бала арасындағы нәзік байланысты, уақыт сүзгісінен өткен жылы сезімді аңғартты.

Гүлнар Дәнешқызы сөз арасында Дәнеш Рақышевтің өнердегі болмысы мен адамдық келбетін қатар өріп, оның әнге деген адалдығы өмірлік ұстанымымен сабақтас болғанын атап өтті. Сахнадағы талап пен тәртіп, жауапкершілік пен талғам – бәрі де оның күнделікті тіршілігінен ажырамайтын қасиет болғаны сезілді.

Ол сондай-ақ осындай тағылымды көрменің өтуіне ұйытқы болған Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі ұжымына шынайы ризашылығын білдіріп, бұл шараның мәніне ерекше тоқталды.

– Осындай ортада әкемнің мұрасын елмен бірге еске алу – біз үшін үлкен қуаныш. Дәнеш – менің ғана әкем емес, ол – халықтың адамы, – деген сөзі оның әке тұлғасын жеке шеңберден әлдеқайда биік қоятынын аңғартты.

Ал өнер иесінің шәкірті болған Серікбол Шыныбаев өз сөзінде Дәнеш Рақышев қалыптастырған өнер мектебінің мазмұны мен жалғастығына тоқталды. Оның айтуынша, ұстаздың әрбір айтқан ойы мен талабы шәкірттері үшін бағыт-бағдар қызметін атқарған.

Сонымен қатар, ол шәкірттердің ұстазға деген рухани жақындығын да атап өтті. Өздерін бірде баласындай, бірде бауырындай сезіну – Дәнеш Рақышевпен қалыптасқан ерекше байланыстың көрінісі. Бұл ретте Абайдың «өлмейтұғын артында із қалдырған» деген сөзі оның өнердегі орнын дәл сипаттайтынын жеткізді.

Мұнымен қатар  ұстаз өміріндегі елеулі тұлғалардың бірі – жары Рахилә апаның еңбегін де ерекше ілтипатпен еске алды.

– Дәнеш ағамыз өмірден өткеннен кейін оның шәкірті Нұржан Жанпейісті үш жыл өз үйінде тұрғызып,  әңгімесін айтып, ағамыздың бар қасиетін бойына сіңірген  – Рахилә апамыз. Сахна сыртында жүріп, көп елене бермейтін жандар болады ғой, апамыз да сондай жан. Оның еңбегі өлшеусіз. Сондықтан осындай сәтте апамызды да еске алған жөн болар, – деген пікірін білдірді.

Шәкірт пікірі Дәнеш Рақышевтің өнердегі мұрасы тек шығармаларымен ғана емес, тағылымды мектебі мен рухани сабақтастығы арқылы жалғасып келетінін көрсетеді.

Осындай жүрекжарды естеліктерден кейін шараға келген қонақтарға музей қызметкері Айгерім Бекетқызы Дәнеш Рақышевтің өзі қолданған жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары негізінде құрылған көрмемен таныстыру рәсімін өткізді.

Көрмені тамашалаушылар ұсынылған жәдігерлер арқылы өнер иесінің шығармашылық жолымен танысып қана қоймай, оның тұлғалық болмысына да үңілуге мүмкіндік алды. Әсіресе, сахна сыртындағы өмірін бейнелейтін материалдар көпшілік қызығушылығын тудырды.

Мәдени шара Дәнеш Рақышевтің қазақ ән өнеріне қосқан үлесін кеңінен насихаттап, оның шығармашылық мұрасын жаңа қырынан танытуға бағытталған мазмұнды бастама ретінде өтті.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Теңдессіз спорт кешені салынуда

Жетісуда инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026
Тамаш Яккель: «Қазақ тазысы – ұлттық мұраның ажырамас бөлігі»

Тамаш Яккель: «Қазақ тазысы – ұлттық мұраның ажырамас бөлігі»

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.