Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Пирамида – пайда емес, пәлекет

29.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Пирамида – пайда емес, пәлекет

Depositphotos.com

WhatsAppTelegramFacebook

«Қаржылық тәуелсіздік», «табысты болу», «айына 30% пассив табыс» – алаяқтар дәл осы жарнамалар арқылы халықты соңғы тиынына дейін сан соқтырып отыр. Қазақстанда соңғы жылдары қаржы пирамидаларының саны күрт артты. Ең сорақысы – азаматтардың көбі өз еркімен, сеніп барып, сан соғып қалғанын кеш түсінеді. 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан бойынша 82 қаржы пирамидасы әшкереленген. Оның ішінде: 56 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген, 26 іс бойынша сот үкімі шығып, ұйымдастырушылар жазаға тартылған. Алаяқтар өз схемаларын әбден жетілдірген. Енді олар Instagram, Telegram, TikTok, WhatsApp арқылы желіні торлап отыр. Қарапайым адамдарды «инвестиция», «бизнес», «жылдам табыс» деп сендіріп, ақшаларын жинап алған соң, ізін суытады. Ал қаржы пирамидаларынан жапа шеккендердің саны 50 мыңнан асты. Құзырлы органдардың мәліметі бойынша, жалпы шығын көлемі – 54 млрд. теңге. Бұл тек тіркелген, іс қозғалған деректер ғана. Ал үнсіз қалған, арыз түсірмеген азаматтардың нақты саны белгісіз. Алаяқтықтың құрбаны болғандардың ішінде: зейнеткерлер, көпбалалы аналар, жастар мен студенттер, ауыл тұрғындары бар. Алаяқтар көбіне қаржылық сауаты төмен, тез ақша табуды көздеген адамдарды нысанаға алады. Олар «бір рет салсаң – екі есе қайтады» деген тәтті уәдемен елді шырмап, отбасының соңғы ақшасына дейін сыпырып алады.

Соңғы жылдары Қазақстанда атышулы болған қаржы пирамидалары: Mudarabah Capital, ASTEX.kz, Golden Life, AstexCompany, Qnet, Oriflame инвест- клубтары, B2B Jewelry, Finiko, TeslaCoin, BNB Invest, LCI System, Harvest Group және тағы басқа. Олардың кейбірі бірнеше өңірде филиал ашып, кеңсе жалдап, тренинг өткізген. Кейбірінің артында шетелдік құрылтайшылар тұрғаны да белгілі болды. Ал жапа шеккендердің ішінде бір ғана отбасынан бірнеше адам қатар салым салған жағдайлар да тіркелген. Қаржы мониторингі агенттігі мен ІІМ бірлесіп жүргізген цифрлық мониторинг нәтижесінде 2024 жылы қаржы пирамидасының белгілері бар 4 124 интернет-ресурс анықталған. Оның 3 258-і бұғатталып, халыққа таратылуы тоқтатылған. Бүгінде пирамидалар көбіне интернет арқылы әрекет етеді, сол себепті киберқылмыспен күресу алдыңғы қатарға шықты. Алаяқтыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарының IT бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаржылық пирамидалар – азаматтардың ғана емес, мемлекеттің қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді. Алаяқтықтың бұл түріне тосқауыл қою үшін заңды күшейту керек» – деген болатын.

Аңғалдық пен ашкөздік – қаржылық пирамидалардың басты азығы. Уәдесі көп, бірақ заңдық негізі жоқ жобаларға жұрттың жаппай сенуі тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның алаңдауына себеп. Бұл құбылысқа қарсы күрес тек заңмен шектелмеуі тиіс, әрбір азамат қаржылық сауатын арттырып, кез келген ұсынысқа сыни көзбен қарауды үйренуі қажет. Ең бастысы, «оңай олжа» іздеген жерде көбіне опық жейтінімізді ұмытпайық.

І. НҮСІП

Қатысты жаңалықтар

Пирамида – пайда емес, пәлекет

Пирамида – пайда емес, пәлекет

29.08.2026
Достық мекені

Достық мекені

29.08.2026
Аңыз айтып тұрғандай

Аңыз айтып тұрғандай

29.08.2026
Жаңа оқу жылы: міндеттер мен мүмкіндіктер

Жаңа оқу жылы: міндеттер мен мүмкіндіктер

29.08.2026
Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

29.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.