Талдықорған: +17°C
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Айла ақылдан асып тұр

02.08.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Айла ақылдан асып тұр

slovzapas.net

WhatsAppTelegramFacebook

Адам емес, заман өзгерді. Бұрынғы қарақшы найзамен шапса, бүгін клавиатурамен соққы береді. Кезіндегі қылышын сүйреткен жау бүгін интернеттің ішінде тығылып отыр. Бұқпантайлап бетперде киген жоқ, бірақ бейсауат сілтеме арқылы үйдің ішіне кіріп, қалтаңды қағып кетеді. Қысқасы, қақпа бұзып кірмейді, код арқылы сеніміңді ұрлайды.

Бұл зұлмат жайында облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ернат Абдрахимов Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен мәжілісте мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері тіркелген қылмыстық істердің 132-сі ашылып, 123 іс сотқа жолданған. Алайда қылмыскердің көбі көрші өңірлерден не шетел асып әрекет етеді. Мұндайда тергеу амалдары күрделене түседі. Қай кезде де алаяқтың айласы бір қадам алда тұратынын ескеру керек.

Яғни өңіріміздің жұрты да бұл індеттен оқшау емес деген сөз. Биылғы жарты жылда облыс бойынша 265 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,6 пайызға артқан. Құрғақ сандар емес, әр деректің артында жылаған ана, абыржыған әке, үміті үзілген жас тұр. Бұл халықтың көзінше тоналып, қолында дәйек қалмаған бейбақтың күйі.

Алаяқтардың ең әуелі алға тартатыны – банк. Иә, банктің атын жамылған барымта. «Мен банктің қауіпсіздік қызметкерімін» деп иландырған үнімен елдің есін алады. Халықтың көбі күмәнданбастан банк картасының деректерін қолына ұстатып, шотындағы соңғы тиынына дейін өз қолымен ұсына салады. Мұндай арбаумен 142 қылмыстық іс тіркеліп, соңы сан соқтырумен аяқталған.

Тағы бір әдіс – тез байытатын жалған инвестициялар. «Бүгін 100 теңге салсаңыз, ертең 1000 теңге болады» дегенге елітіп, елеңдеген елдің қалтасы жұқарып жатыр. Көп жағдайда Instagram, WhatsApp, Telegram секілді алаңдарда жалған парақшалар мен фейк тұлғалар арқылы жұртты арбап, соңынан ізін суытып кетеді. Алданған адам, өкінішке қарай, полицияға кеш жүгінеді. Қылмыскер тау асып үлгереді.

Техниканың тілін тапқан арам пиғылдылар жасанды интеллектіні де қолдана бастаған. «Deepfake» технологиясымен танымал тұлғалардың жүзін көшіріп, дауысын бейімдеп, бейнежазба жасап, «инвестиция салыңыз» деп сендіреді. Қас қағым сәтте ондап, жүздеп қаржы жиналып, алаяқ ізім-қайым жоғалады. Бұл бұрынғының аңызы емес, бүгіннің ақиқаты.

Облыс аумағында алаяқтар із қалдырмаған аудан жоқтың қасы. Көксу ауданында өткен жылы қылмыстық алаяқтық 2 дерек тіркелсе, биылғы жарты жылда бұл сан 13-ке шарықтаған. Ескелді, Қаратал, Панфилов, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында да ахуал алаңдатарлық.

Бұл індетпен күресуге тек полиция емес, күллі ел-жұрт болып жұмылып отыр. Облыста «Қос Қанат Жетісу», «Жас Қыран», «Lider KZ» сынды ерікті топтар базар, мектеп, мешіт, емхана секілді халық көп шоғырланған орындарда жадынама таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жарты жылдың ішінде 85 мыңнан астам ақпараттық парақша таратылып, 200-ден астам іс-шараға 62 мыңнан астам адам қамтылған.

Қылмыс – бұрын қараңғы түнде қылаң етіп өтсе, бүгінде күндіз көз алдыңда сырғымақ. Жау жеті қат жер астынан емес, желіден енетін болды. Кісі тонайтын кеспірі де, қалта қағатын қалпы да жоқ. Тек бір ғана сілтеме, бір ғана түйме, бір ғана «иә» деген жауап. Содан соң есепшот бос…

Күнделікті күйбең тірлікте байқалмайтын қауіп, шындап келгенде, ұлттық қауіпсіздіктің бір тармағы. Өйткені киберқылмыс жеке адамнан бұрын елдің ішкі тұрақтылығына сызат түсіреді. Қаржы – жүйе. Жүйе шайқалса жұрттың берекесі кетеді.

Сондықтан бұл полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның майданы. Мұндағы қару сергек сана, сауатты ұрпақ.
Баяғыда ата-бабамыз ақ боз үйдің босағасын күзеткен. Бүгінде біз цифрлы кеңістіктің есігін күзетуге тиіспіз. Сондықтан, ағайын, сақ болайық!

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

15.04.2026
Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

15.04.2026
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

15.04.2026
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15.04.2026
Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

15.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.