Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Банк қайырымдылық қоры емес…

18.05.2025
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Банк қайырымдылық қоры емес…

Осы уақытқа дейін несие алып байып кеттім дегенді құлақ шалмады. Қайта: «Несие несібемді жеп жатыр» деген елдің күңкіл сөзі мен реніші жиіледі. Несие алып, оны қайтара алмай аузы күйгендер: «Осыдан құтылсам, енді несие деген пәлеге жоламаспын» деп ойлайды. Алайда, одан құтылғанымен, дүкеннен бір затты ұната қалса, енді соны қарызға алғысы келіп тұратынын қайтерсің?! Бір сөзбен айтсақ, несие несібені еселемесе де оны алу әдетке айналды.

БҮГІНГІЛЕРДІҢ шай үстіндегі әңгімесі де ақшаға келіп тіреледі. Бірі несие алудың жолдарын айтып күңкілдессе, енді бірі оны төлеудің машақаты туралы сыр шертісетін болды. Бірақ, ендігі жұрт несиесіз отыра алмайтын дәрежеге жетті. Ешкімге несиеге жолаушы болма деп айта алмайтының тағы ақиқат. Себебі, әркім өзіне қажеттісін несие алумен шешетінін жақсы білеміз. Бұл банктер үшін тиімді болғандықтан олар несиені оңды-солды оңай береді. Ал ақшаны қатты қажетсініп тұрған адам оның пайыздық үстемесіне қарамай-ақ тегін бергендей ала салады. Бірақ, мұның арты еш жақсылыққа апармайтыны анық.

Экономист мамандардың айтуынша, несие – ақша табудың жақсы тәсілі. Дегенмен, оны қайтаруды да ұмыт қалдырмаған жөн.

«Ана Гүлсім келіннің сөзін тыңдап, төбе шашың тік тұрады. Несие алмай-ақ күн көріп едік десем, онсыз болмайды, апа, «несие деген бүгінгілердің әке-шешесі ғой» дейді. Өй, қарағым, оның да қайтарымы бар емес пе десем, соның арқасында барлық керек-жарағымызды шешіп отырмыз ғой деп бой берер емес», – деп налыған апаны да көрдік.

Соңғы уақытта банк жүйесінде жаңа өнімдер көбейді. Ендігі таңда сіз банктен тек ақшалай емес, карточка аштырып та ойлаған дүниеңізге қол жеткізе аласыз. Дерек көзіне жүгінсек, ел ішінде ең жақсы банк деп бағаланған «Kaspi Bank» АҚ Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің арасында кредит портфелінің көлемі бойынша бірінші орынды иеленіпті. Ал, 2017 жылдың шілде айындағы мәлімет бойынша Kaspi экожүйесіне еліміздегі азық-түлік емес тауар айналымының шамамен 20 пайызы тиесілі екен. Бүгінде халықтың басым бөлігі бұл банктің ақшалай несиесін ғана емес, оның өнімін де пайдаланып келеді. 2017 жылдың маусым айындағы мәлімет бойынша Қазақстанның ірі 5 қаласында ай сайын 130 мың рет сауда жасайтын 115 мың карта ұстаушы бар екені анықталған. Бұл дегеніңіз, бүгінгілер киім мен азық-түлікті де несиеге алатын жағдайға жетіп отырғандығын көрсетеді. Несие алудан алдына жан салмайтын көршімнің айтқаны бар: «Енді нанды да несиеге алатын болдық».

Рас, қазір екінің бірі несиеге тәуелді. Неге? Бұл тұрғыда Әнуар есімді азаматтың пікіріне құлақ түріп көрдік. Ол несие алу деген экономикалық сауатсыздық деп топшылайды. Оның айтуынша, біздің нарыққа кіргенімізге жүз жыл бола қойған жоқ. Ал, ата-бабаларымыз төрт мың жыл нарықты шектеп келген, табалдырықтан аттатқызбаған. Бірақ, бәрібір тәуекел түбі желқайық деп нарыққа есігімізді айқара ашыппыз. Салдарынан, жиырма жыл болса да біз нарық туралы нақты түсінігімізді қалыптастыра алмағанымызды айтады. Негізінен ол нарықтың есігімізден аттап кіруін кемшілігіміз емес, артықшылығымыз деп қабылдау керек дегенді меңзейді. Себебі, әлемнің 70 пайызға жуығы осы нарық жүйесімен жүргендіктен, қатардан қалып қоймау да басты заңдылық. Осы жерде қаржылық сауаттылық деген дүние қылаң береді. Бүгінгі біздің қоғамда қаржылық сауаттылық та төмен. Неге десеңіз, біз осы уақытқа дейін коммунистік қоғамда өмір сүріп келдік. Ол қоғам ең алдымен мұралықты, адамдықты басты орынға шығарған. Нарықта экономикалық сауаттылық үстем тұрады. Яғни, бүгінгілер осы бағытта кез келген отбасымен жұмыс істеуі тиіс. Егер отбасындағы адамның экономикалық сауаттылығы әлсіз, жеткіліксіз болса, ол өзгелердің құрбанына айналады-мыс. Қаржылық сауаттылықты жетілдіруді отбасы-ошақ қасынан бастау жөн деуі де көңілге қонымды ма дейсің. Қалай десек те, нарықта түрлі ойыншылар көп. Олардың түпкі мүддесі пайда табуды көздейді. Ал саяси-экономикалық сауатсыздық жайлаған қоғам олардың баю мүмкіндігіне жол ашқандай ма, қалай?!

ЖОҒАРЫДА тілге тиек еткеніміздей, несие – ақша табудың жақсы тәсілі екені рас па? Бұл туралы экономика ғылымының докторы, профессор Г. Бегімбайқызы: «Біздің бір қателігіміз, тауарлы ақша қатынасын дұрыс түсінбегенімізде», – дейді. – Оған жете көңіл бөлмедік, мойындамадық. Ақша яки тауар, тұтыну құны болсын нақты, дұрыс қолдануымызды қажет еді. Өткен ғасырдың әдебиетіне үңілсек: біздің балаларымыз тек қана қағаз жүзінде ғана оқиды. Ақша деген болмайды, барлығы өз қажетінше ала береді деуі тауарлы ақша қатынасын дұрыс қолданбағанымыздың, дағдарыс, экономиканың тоқырап қалуының бірден-бір себебі деуге болады.

Қаржылық сауаттылыққа баланы балабақша жасынан үйрету қажет. Әр бала үстіне киетін киімнің қандай ақшаға келгенін, қандай еңбекпен табылғанын, оны қалай күтіп кию керектігіне дейін біліп өсуі заңды дер едім. Қаржылық сауаты жоғары бала өскенде ақшаға құнды дүние деп қарап, несие жайлы да өзіндік көзқарасы қалыптасары анық.

Өзіңізге белгілі, қазіргі қоғамда тұтынушылық несие мен ипотекалық несие кеңінен өріс алып тұр, ал адамдардың басым бөлігі тұтыну несиесіне көбірек жүгінеді. Мұның себебін ашып айтпасақ та түсінікті. Бірақ, маман ретінде несие, оның ішінде тұтынушылық несиені алудың тіпті де қажеті жоқ екенін баса айтқым келеді. Неге? Мәселен, 1 млн. теңге несие 50 пайызбен рәсімделген болса, онда жыл соңында 1,5 млн. теңге қайтару керек болады. Ал егер 3 жылға алсаңыз үстінен қайтаратын соманың өзі 1,5 млн. теңге болып шыға келеді. Ол қаражатты қаржы мекемесіне үстемелеп қайтарғаннан гөрі отбасыңыздың қажеттілігіне, бала-шағаңызға жұмсағаныңыз әлдеқайда тиімді емес пе?! Негізінде, несиені алу керек жағдайлар болады. Мәселен, егер сіз кәсібіңізді дөңгелету үшін алсаңыз, мол табыс көзін табу арқылы қарыздан құтылуға да мүмкіндік зор. Мұны маман ретінде айтқаныммен, кәсіпкерлер тарапы алғашқы қадамды несие алудан бастамаған жөн деген пікірде. Неге десек, алғашқы кәсіп банкротқа ұшырамасына кім кепіл?! Ендеше, тәуекел етудің де қажеті жоқ. Егер мемлекеттік қызметкер немесе жалақысы орта деңгейдегі жұмысшы болсаңыз, онда тәуекелге тіптен бармағаныңыз абзал.Себебі, тұтынушылық несиелердің пайызы жоғары болғандықтан, нәтижесінде қаржылық тұрақсыздыққа әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Банктің негізгі көзі несие болғандықтан, халыққа несие алдыру үшін кез келген әрекетке баратыны сөзсіз. Түрлі жеңілдіктері, бонустары, төменгі пайыз деп жарқыратып көрсеткен жарнама қағаздары арқылы елдің санасын жаулап алады. Олардың басым бөлігі коммерциялық пайда табуды ғана көздейтіні де белгілі. Бар ойы қалайда несие алуды көксеген адам жоғары пайыздық үстемемен алған несиесін артынша қайтара алмай, банк алдында берешек болып жүргені де жасырын емес. Осы тұста басты айтар мәселе, қазақтың басым бөлігі несиені той жасау үшін алатындығы. Әлбетте, алсын. Бірақ, алмақтың да салмағы болатынын естен шығармасақ екен», – дейді.

Шынында, несие – той өткізудің бірден бір қаржы құралына айналғалы қашан? Банктен қыруар қаржы алып, артынша төлей алмай жылап, сықтап жүргендер санын саусақпен санай алмайсың?! Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын шетелдік банктердің қазақстандықтардың үйлену тойына жұмсалатын қаржысы туралы зерттеу жүргізгені естеріңізде болар. Сол кездегі есептеу көрсеткіші бойынша орташа есеппен бір тойға 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсайтыны анықтаған еді. Бұл тұста экономистер де қазақстандықтарға той өткізуді доғару қажеттігін ескерткен-ді. Қалай дегенмен, әр адам банктің қайрымдылық қоры емес екенін есте ұстаған жөн бе дейсің?!

НЕСИЕ жайында ой өрбіткен экономика ғылымдарының докторы осы күнге дейін несие алып көрмегенін, тіпті жүгінбейтінін айтады. Оның сөзінше, адам өз тапқан қаржысына сеніп, соның айналасында ғана тіршілік жасауы абзал. «Біруден қарыз алып, берешек болғанша, азды қанағат еткен дұрыс», – дейді ол.

Ал мамандар несие алмас бұрын әр банкке кіріп, танысу абзал екенін айтады. Сонымен қатар жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің қандай екенін аңғару да маңызды. Ең бастысы, көшедегі жарнамада көрсетілген пайыз сандарына сеніп қалмаған дұрыс. Бар мәліметті қаржы менеджерінен тәптіштеп сұраған жөн.

Қазақта: «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген сөз бар. Несие рәсімдеудің алдында қаржылық мүмкіндіктерді саралап, салмақтап алу аса қажет. Несие түсінігі біздің елге жаһанданумен бірге жетті дейміз. Алайда, біз несиенің тиімді, тиімсіз жағын неге ашып айта алмаймыз? Кей мамандар мұны да қаржылық сауаттылығымыздың кемшін екендігімен түсіндіреді. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықтың жоқтығы қаржылық күйреуге әкеп тірейтінін де ескере бермейміз. Мәселен, банк сізге 1 миллион теңге несие берді делік. Ал сіз ешқандай жоспарсыз, мақсатсыз ол ақшаны алып аласыз. Бірақ, қайтарар уақытысында оны қалай төлеймін деп бас қатырасыз. Бұл таза қаржылық күйреуге әкеп тірейді. Ал қаржылық күйреу отбасылық күйреуге алып келеді. Бір емес, мың отбасының күйреуі қоғамдық наразылыққа алып келетінін ескере бермейтініміз өкінішті.

Байқап қарасаңыз, қай банктің болмасын жарнамасы айқайлап тұр. Оқысаңыз, бәрі де шетінен халыққа жаны ашығыш болып көрінеді. Мәселен, «Сіз үшін тағы не істей аламыз?» деген «Kaspi Bank» жарнамасын алайық. Құдды бір қайтарымсыз ақша беретіндей, бұған кәдуілгідей ойланып қалатынымызды несіне жасырайық. Алайда, бұл банк те үстемесі ең жоғарғылардың санатынан екенін ескере бермейміз. Ал, несие алуға мұқтаж адам үшін 17-18 пайыз деген түк емес болып көрінгенімен, артынша банктерге деген өкпесін айтып жатады. Аузы күйген халық үрлеп ішеді, аузы майланған банк жеңін түріп ішеді деген осындайда айтылса керек-ті.

Қазіргі таңда, несие беретін екінші деңгейлі банктерден бөлек, компаниялық құрылымдар да бой көрсете бастады. Солардың бірі – «Жылдам ақша жүйесі». Бұл компанияның жұмыс жасағанына көп бола қоймаса да қазіргі таңда әр қаладан өз бөлімшелерін ашып үлгерген. Жиырма минут ішінде кепілдіксіз несие беретін компанияның «Zaksha.kz» ресми сайтында: «Біздің мақсатымыз – жедел түрде ақшаға мұқтаж болған тұтынушыларға көмек көрсету. Біз кепіл, анықтама және кепіл берушісіз бір мезеттік қолма-қол несиелер береміз. «Жылдам ақша» бір мезетте несие беру нарығына бірінші болып келді. Біздің компаниямыз Қазақстан үшін бірегей өнімді нарыққа шығарды – ол 20 минуттық жылдам несие. Біз жылдам несие беру саласындағы халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп, Қазақстанның мұқтаждықтары мен ерекшеліктерін ескердік» деп жазылған. Компанияның қызметі дәл сайттағы сөздердей сенімді ме деген оймен орталықтағы дүкендердің бірінде орныққан бөлімшеге бас сұғып көрдік. Ішке кіргеннен-ақ байқағанымыз, мұнда да кезек күтіп тұрған адамдар легі. Бұл жердегілердің де әңгімесі сол: бірі баласының оқуын төлей алмай несие алуға келсе, енді бірі құда күту үшін тез арада ақша керек болып тұрғаны дейді. Ал тағы бірінің сөзін есту мұң болды: ол адам кредитін төлеу үшін кредит алуға келген.

ЖИЫРМА ЖАСПЕН алпыс жас аралығындағы тұрақты жұмысы бар адамдар «жылдам ақшадан» айлық табысына қарай 10 мың мен 100 мың теңге аралығындағы несиені ала алады. Бұл соманы он төрт күн аралығында 28 пайыз үстемемен қайтару керек. Ал он төрт күннен асып кетсеңіз, күніне тағы үш пайыздан қосылмақ. Сонда бір айға 50 пайыздың үстіне шығып тұр. Ойлап қарасаңыз, үстемелері масқара, халықты таза қанау ғой.

Жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, несие беруші әр компанияның жарнамасы жер жарады. Бұл компанияның сайтына да кіргенімізде оқығанымыз сол сарынды сөздер. «Емделуге ақша қажет пе?», «Банктерді аралап табаныңды тоздырдың ба?», «Бізге кел!» – деген жанашырлық кейіпте жазылған жарнамалардан көз сүрінеді. Бірақ, санада: «кепілдіксіз берілетін ақша кепіл бола ала ма?» деген сауал туады.

Америкалық жазушы Фаррах Грейд қарыз бен кредит жайлы біржақты жаман пікірде болмау керек депті. Ол қарызды екіге бөліп қарастырады. Біріншісі – жаман қарыз, екіншісі – жақсы қарыз. Айтуынша, «жаман қарыз» деген мақсатсыз алынған, артын ойламай, ешқандай табыс әкелмей жұмсалып кететін қарыз. Ал «жақсы қарыз» туралы ол былайша түсіндірген: «Таныс жігіті бірде жұмысынан кеш қайтып, үйінде қарапайым қызылды-жасылды ойыншықтарды аяқкиімге жапсырып, қызықтап отырған қыздарын көреді. Оған сонда бір демде осы жобаны іске асырып көрсе қайтеді деген ой келеді. Қарапайым аяқкиімге жылтырақтарды жапсырып көрсе шын мәнінде әдемі екен. Сосын ол дереу үйінің жертөлесінде цех ашады. Әрине, бұл үшін оған қаржы қажет. Ол болса қаржыны түгелдей кредитке алады. Сөйтіп, нақты жоба-жоспарлармен ол нарыққа кереметтей аяқкиім әкеліп қосады. Бұдан кейін ол миллиондаған ақшасына бұл патентті сатады да жібереді. Сөйтіп, уақытында несиесінен құтылып, сосын өзіне де пайда көреді. Міне, бұл «жақсы қарыз», – депті. Артынша екеуін сараптаған ғой. Екі образ да несие алды. Бірі пассив табыс, екіншісі актив табыс – яғни, пайда әкелетін өндіріске ақша жұмсайды. Бірі тұңғиыққа батты, екіншісі мол табысқа кенелді. Бұл өте бір қарапайым жол сияқты. Жеңіске жету үшін екінші образ да біраз тәуекелге баруы керек болды: үйін кепілге қойды, егер тауары өтпей қалса, ол үйінен айырылатын еді. Бірақ оның қаржы тереңіне батқан бірінші образға қарағанда ақылы бар. «Себебі, – дейді жазушы, – екеуі де түбі тесілген қайықта отыр. Біріншісі жапа-тармағай қолындағы ыдыспен суды сыртқа төгуге көшсе, екіншісі су қанша жиналып қалса да қайықтың түбі тесілген жерге тығын тықты. Нәтижесінде бірі суға кетсе, екіншісі құтқарылды», – деген. Біздің айтпақ ой да осыны меңзейді. Кредиттен көресіні көріп жүргендердің көбі осы мақсатсыз несие алғандар ма дейсің?!

Жеті жастағы баланың сөзі: «Анашым, сіз ақшаны банктен аласыз ғой? Ал банктегі ақша қайдан келеді?» Бұл, бір қарағанда, өте қарапайым сұрақ болып көрінуі мүмкін. Себебі, біз банк дегеніміз ақшаны сақтайтын, беретін және көбейтетін орын екенін жақсы білеміз. Дейтұрғанмен, олар өздері ақшаны қайдан алады? Олардың адал және мінсіз жұмыс істеуін кім қадағалайды? Неліктен ақшаны үйде ұстағаннан гөрі банкте ұстаған дұрыс? Негізі, адамдарға ақшаны арнайы орындарда ұстау туралы идея қайдан келген?

НЕСИЕ ЖАЙЫНДА мақаланы жазуда көкейде жүрген көп сауалымызды арнайы мамандарға қоюды көздеген едік. Алайда, біз барып бас сұққан банктерде қызмет ететіндер нақты бір анықтама беруден бас тартса, енді бірі басшысының жоқтығын сылтауратты, тағы бірі бас кеңсеге хабарласуымызды өтінді. Ұзын сөздің қысқасы, санадағы сансыз сауал жауапсыз қалды.

Біз біреуге ақыл айтудан аулақпыз. Дегенмен, алған несиені еселеп қайтарып, әбігерге түскенше, өзіңіздің отбасылық қаржыңызды үнемдеп өмір сүрген дұрыс па дейсің?! Ал, бұған сіз не дейсіз, көзі қарақты оқырман?!

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.