Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев жетісулық полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті

27.06.2025
КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Бейбіт Исабаев жетісулық полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан полициясы күніне орай өңірдегі полиция органдарының қызметкерлерін құттықтап, өз саласында үздік үлгі көрсеткен азаматтарды марапаттады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Полицияның кәсіби мерекесіне орай өңір басшысы Жетісу облысы Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратына барып, ондағы арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесімен танысты. Көрмеде «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің, кинологиялық қызметтің, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың арнайы мақсаттағы бөлінісінің қару-жарақтары, әскери техникалары қойылды. Соның ішінде Қазақстанда жасалған «Алан — 2» және ресейлік «Тигр» арнайы машиналары да бар.

Жиналған қауым Департамент аумағына орнатылған ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшыларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті.

Бұдан әрі салтанатты шара І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасты. Алдымен ортаға Полиция департаментінің жауынгерлік туы кіргізіліп, Мемлекеттік гимн орындалды. Жиналған тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін күштік құрылымның қоғамдық тәртіпті сақтаудағы белсенділігін атап өтті.

— Жетісу облысының дербес облыс ретінде құрылғанына биыл үш жыл толды. Облыстың осы уақыт ішіндегі әлеуметтік-экономикалық салалардағы жетістіктеріне қоғамдағы тұрақтылықтың арқасында қол жеткізілді. Сондықтан осы орайда облыстың дамуына қосқан елеулі үлестеріңізді ерекше атап өткім келеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, табандылықтарыңыз және азаматтық борыштарыңыз – елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың сенімді тірегі. Бүгінгі салтанатты күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін! — деген Б. Исабаев бұдан былай жыл сайын өз саласында үздік атанған 3 полиция қызметкерін «Үздік қызметі үшін» номинациясымен марапаттау туралы шешім қабылдағанын айтып, жергілікті полиция қызметкерлеріне марапаттар тапсырды.

Атап айтқанда, «Үздік қызметі үшін» номинациясы Талдықорған қаласы полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еңлік Базарбаева, Ақсу ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ерік Наваев, Көксу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Ғабит Мұқановқа беріліп, оларға арнайы статуэтка табысталды. Адам құтқаруда батылдық пен батырлық көрсеткені үшін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция майоры Мирас Даутовқа ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хаты, сол сияқты бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды.

Мұнан соң Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсайынов сөз алып:

— Бүгінгі салтанатты жиын – елімізде қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, қызметін абыроймен орындап отырған ішкі істер органдары қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен ерлігіне көсретілген жоғары құрметтің белгісі. Соңғы жылдардағы жүйедегі өзгерістердің арқасында халықтың сақшыларға деген сенімі артып, азаматтар арасында полицияның беделі өсіп келеді. Жетісу облысының полиция департаменті республика көлемінде рейтинг бойынша алдыңғы қатарда. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыс аз емес. Бұл бағыттағы біздің басты қағидамыз – «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру болмақ, — деп, полиция қызметкерлеріне Ішкі істер министрлігінің марапаттары мен атақтарын табыстады.

Бүгін үздіктер қатарынан көрініп, арнайы номинацияға ие болған Талдықорған қаласы полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еңлік Базарбаева:

— І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің заң факультетін, Теміртаудағы полиция академиясын бітірдім. Оқу бітіргеннен бергі үш жылда Талдықорған қаласы полиция басқармасында тергеушісі болып жұмыс істеймін. Жұмысымыз оңай емес, дегенмен бұл мамандыққа жүрек қалауымен келдім. Бүгін осы марапат – менің қызмет ету барысында алған тұңғыш марапатым. Сондықтан мен үшін маңызы үлкен, — дейді ол.

Мерекелік жиында есімі ерекше аталған жандардың қатарында Талдықорған қаласы 3-бөлімшеде үй өртену кезінде үш баланы өрттен құтқарған полиция майоры Мирас Даутов та болды.

— Полиция департаментінде жұмыс істегеніме 15 жыл болды. Қалада үй өртену оқиғасы кезінде бірнеше қызметкермен бірге өрттен құтқаруға қатыстым. Сол әрекетімді бағалап, марапаттап жатқандарына көп рахмет. Мен ерлік жасадым демеймін, өзімнің азаматтық, қызметтік борышымды өтедім деп есептеймін. Полиция қызметіне келгісі келетін жастарға айтарым, спортпен шұғылданып, дене шынықтыру керек, заңды біліп, көркем әдеби кітаптар оқып, ой-өрісін жетілдіруге де көп көңіл бөлген дұрыс. Әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, — дейді М. Даутов.

Жалпы облыс қайта құрылғаннан бергі үш жылда облыстық полиция департаментіне жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, заманауи техникамен және арнайы құрылғылармен жабдықталуда. Қабылданған шаралардың арқасында 2022 жылдан бері қылмыстық құқық бұзушылық саны екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 2 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 20 пайызға кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 30 пайызға азайды.

Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.