ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, оларды құрметтеу және насихаттау мәселелері көтерілді. Салтанатты жиынға Алматы қаласының Мемлекеттік архиві қызметкерлері, Архив құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Алтынай Боданбекова, Мемлекеттік архивтің бас сақтаушысы Гүлбақыт Құрманжанова және бөлім басшысы Әйгерім Әлжанова қатысып, құнды баяндамалар жасап, тарихи деректермен бөлісті.
Қонақтар өз сөздерінде Мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихына тоқталып, архив құжаттарының осы бағыттағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мен тарихи жадыны сақтауда архив материалдарының рөлі ерекше екені айтылды.
Салтанатты шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс пен елдік сезім сыйлады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті