Панфилов ауданында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасы 20 қыркүйек күні «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының 273-нші шақырымында болған. Онда «Lexus-470» автокөлігі аударылып кеткен. Көлік салонында оқиға орнында қаза тапқан үш адам болған. Қайтыс болғандардың екеуі 39 жастағы және 37 жастағы ерлі-зайыптылар. Үшінші тұлғаның жеке басы анықталуда.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Олар барлық мән-жайды және көлік тізгінінде кім болғанын анықтап жатыр.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





