Алматы облысының полициясы аса қауіпті қылмыскерге іздеу жариялады. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.
Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қауіпті қылмыскерді іздеп жатыр. Ол — бірнеше ауыр қылмыс жасаған, 1983 жылы туған Ринат Балтабаев. «Ерекше белгілері: бойы 160-170 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, көзі қара, алдыңғы тістері жоқ. Аталған азаматты көрген-білгендер немесе тұрғылықты жерін білетіндер болса, 8 775 157 2222, 8 702 712 7922 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





