Талдықорған: +10°C
$ 525.28
€ 607.85
₽ 6.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛМАЙ ТҰР

31.03.2023
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛМАЙ ТҰР
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы білім мекемелерінің мамандарына сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны мен зардабы, парақорлықтың тартқызар жазасы жан-жақты түсіндірілді. 

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайының мәжіліс залында өткен шарада облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, облыс әкімі аппараты кадрлар бөлімінің бас маманы Еділ Тезебеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне қарасты превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова кезекпен сөз алып, мектеп директорларына, балабақша меңгерушілеріне, қалалық, аудандық, облыстық мекемелердің бас бухгалтерлеріне, білім басқармасының мамандарына, қоғам белсенділері мен журналистерге мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың маңыздылығын әңгімеледі.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбайдың айтуынша, парақорлық пен жемқорлықтың зияны мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімде ашық жазылған. Осыған орай Рамазан айының тұсында қоғамның түзелуін қамтамасыз етуге әрбір азамат, әсіресе, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосатын білім саласының мамандары ықпал ете алады. Ол үшін бір айлықпен күн көруден ұялмай, оңай әрі көлденең табыс табудан бас тартқан жөн. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құртуға болады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ел азаматтарына парақорлыққа төзімсіздіктің не екенін ұғындырудың, жас жеткіншектерді дұрыс тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне қарасты превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова алдын алу шараларының тиімділігін түсіндірді. Оның айтуынша, оң мен солын енді танып, өмір жолына қадам басқан әрбір жасқа мектептегі түрлі шараға ақша жинау кері әсер етеді. Сол себепті департамент мамандары әрбір мектепте қандай қадамдар жасалып жатқанын жіті қадағалап отыр. Өйткені, орта мектептердің қажеттілігі үшін мемлекеттен тұрақты бөлінетін қаржы жөндеу жұмыстарына, керекті құрал-жабдықтар алуға жұмсалады. Осыған орай ата-аналардан кез келген мөлшерде ақша жинау заң бұзумен тең.

– Ең өкініштісі, алдын алуға арналған шаралардың өткізілуіне қарамастан білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың ықтималдығы толығымен жойылмай отыр. Жетісу облысы құрылғаннан бері 4 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 3 қылмыстық іс сотқа жолданды. Соған орай 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оған білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдің көптігі, атап айтқанда, жұмысқа қабылдау үшін немесе сағат бөлу кезінде пара сұрау, мемлекеттік сатып алу шараларын өткізерде бюджет қаржысын жымқыру, қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктерді қымбат бағаға сатып алу, атқарылмаған жұмыстар үшін ақша аудару, еңбек ұжымында ақша жинау, лауазымын асыра пайдалану сынды жағымсыз әрекеттер себеп болып отыр, – деген Мақпал Кенжебайқызы қоғамды ішінен ірітіп, мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін жемқорлықпен, парақорлықпен күрес толастамайтынын жеткізді.

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қамтитын еліміздің заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар парақорлық пен жемқорлық дерегін жариялаған адамдарға арнайы сыйақы мен қорғау шараларын қарастырады.

М. ӘСЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Министрлік сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасын қайта бекітуді жоспарлап отыр

Министрлік сұйытылған мұнай газының көтерме шекті бағасын қайта бекітуді жоспарлап отыр

12.11.2025
Бір жарыста үш алтын алған атлет жеңісін қазақ халқына арнады

Бір жарыста үш алтын алған атлет жеңісін қазақ халқына арнады

12.11.2025
Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

12.11.2025
Ең көп баспана қай қалада сатылды?

Ең көп баспана қай қалада сатылды?

12.11.2025
Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

12.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.