Жетісуда нашақорлыққа қарсы шығармашылық акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, Жетісу облыстық полиция департаменті мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда «Біз есірткіге қарсымыз» атты облыстық акция өтті. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналды.
Акция аясында «Есірткісіз әлем» атты бишілер байқауы және «Ән қанатында» атты әншілер байқауы ұйымдастырылды. Бишілер сайысына 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер, ал ән байқауына 15-30 жас аралығындағы жас орындаушылар қатысты.
Байқау жеңімпаздарына Жетісу облысы полиция департаментінің атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылар бұл шара жастарды салауатты өмірге үндейтін маңызды қадам екенін атап өтті.