Жетісу облысында полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Шара жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және төтенше қызметтер мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында ұйымдастырылған. Кездесу барысында полицейлер жүргізушілерге жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын еске салып, әсіресе шұғыл шақыртулар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шарада жедел жәрдем жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелері бойынша білім деңгейі тексеріліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында кеңестер берілді. Полиция өкілдері «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау – тіпті шұғыл жағдайларда да заң аясында әрекет ету және жолда қырағылық таныту қажеттігін баса айтты.
Мұндай профилактикалық кездесулер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен өміріне жауап беретін қызметтердің үйлесімді жұмысына оң әсер етеді.
«Жетісу-Ақпарат»







