Талдықорған: -6°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

27.08.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
WhatsAppTelegramFacebook

Жемқорлық – індет, жою – міндет. Бүгінде өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індетті жою үшін өңірімізде түрлі шаралар өткізілуде.


Бүгінде «Мемлекеттің қаржысын жымқырыпты», «Жемқорлықпен ұсталыпты» деген желдей ескен жаңалыққа етіміз үйреніп кеткендей. Селт етпейміз.Антикор қызметкерлері жемқорлықты тыю үшін түрлі шара ұйымдастыруда. Біз де қаржы жымқырғандарды аймаңдай қылып газетке де, сайтқа да жазып беріп жүрміз. Бірақ,  Құдайдан қорықпаған адам – пендеден ұяла қойсын ба?! Заң қаталданып, бақылау күшейтілсе де жең ұшынан жалғасқан жемқорлық азаяр емес.

Еліміздің қауіпсіздігі жемқорлықпен тікелей байланысты. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Облыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шаралары сәтті жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы күндерге жетелеген шаралар туралы толыққанды мәлімет берді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін картада құрылыс және тұрғын үй, экология, фискалдық, кәсіпкерлік,  әлеуметтік сала, жол  және инфрақұрылым, проблемалық құрылыс нысандары, апаттық және тозығы жеткен үйлер, агроөнеркәсіптік кешен сияқты 9 негізгі сала анықталыпты.

– Жемқорлық жойылмай, ешбір ел табысты дами алмайды. Сол себепті жемқорлықпен күрес күшейтіліп, әр сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, заң бұзғандар жауапқа тартылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік  сатып алу бойынша 363 млн. теңгені тиімсіз жұмсаудың 13 фактісі анықталды. Биыл 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде 1 107 600 теңге сомасына айыппұл өндіріліп, барлық сома толық көлемде өтелді. Жол саласы бойынша сертификатталмаған және сапасыз материалдарды қолдану тәуекелдері жойылды. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жергілікті атқарушы органның 2,6 млрд. теңгеге өткізілуі тиіс мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, – деді Саян Қылышұлы.

Сонымен қатар, спикер Талдықорғандағы коттедж қалашығында 2-ші және 3-ші кезеңдік коттедждің құрылысы, қаланың суару желілерін қайта жаңарту, Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізу, департамент бақылауында тұрғанын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Бұдан бөлек, аймақта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске қосылды. Мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету. Осы жоба аясында тәжірибелі заңгерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыстың әр аудан қаласын аралап, «Халық заңгері» акциясын өткізуде. Мәселен күні кеше көшпелі мобильді топ Кербұлақ ауданына барып, тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен жобаның мақсаты – шалғайдағы елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру.

Сарыөзектегі Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот орындаушылары, адвокаттар, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді еріктілер қатысты. Білікті заңгерлерден кеңес алуға 60-тан астам тұрғын келді. Оның 22-сі мәселесін шешіп қайтты. Келгендердің басым көпшілігі мамандарға жер, тұрғын үй, субсидия алу, жұмыстан заңсыз шығару, кәсіпкерлікті тіркеу сынды мәселемен жүгінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бастығы Саян Ахметжанов бір сағаттың ішінде 20 адамды қабылдап үлгерді. Ол әр тұрғынның өтінішін жіті қадағалап, тұшымды кеңес берді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде қаржы жымқырғандар құрықталуда. «Көп асқанға – бір тосқан» болатынын ақылы дария ата-бабаңыз әлдеқашан айтып кеткен. Сондықтан қандай қылмыс жасасаң да әшкере болатынын ұмытпайық. Өйткені тегін ірімшік қақпанда ғана болады.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – барша қазақстандықтардың міндеті болуы керек. Олай болса әрбір азамат қоғамның жанашыры болып, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуіміз қажет.

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026
Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

12.03.2026
Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

12.03.2026
Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.