Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

17 ЖАСЫНДА ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАН: НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВТЫҢ АНАСЫМЕН СҰХБАТ

16 қыркүйек 2019
РУХАНИЯТ
17 ЖАСЫНДА ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАН: НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВТЫҢ АНАСЫМЕН СҰХБАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Мейірімділігі жүзінен, білімі сөзінен көрінетін Рысжан әже кешегі Абайды тәрбиелеген Зеренің, Шоқанды жеткізген Айғанымның жалғасындай. Қазақы қалыбы, ұлттық бояуы сақталған жан.

Панфилов ауданына қарасты Үшарал ауылында тұратын 78 жастағы Рысжан Теңізбаева жолдасы Молдахмет Теңізбаевпен бірге 6 ұл, 5 қызды тәрбиеледі. Бүгінде қара шаңырақтағы кенже баласы Ербақыттың қолындағы әже:

– Шыны керек, отбасымыздағы берекені, сыйластықты көрген балалардың тәрбиесі жаман болған жоқ. Қария екеуміз (Молдахмет ақсақалды айтқаны) бір-бірімізді көзбен түсінісіп, ұғыстық. Содан да болар, балалар жаман атқа қалдырған емес, – дейді.

Рас, бүгінде Рысжан әженің ұл-қыздары өмірден өз орындарын тауып, бір отбасының ғана емес, бүкіл елдің баласына айналды. Балалары кез келген ортаға өнерімен, көркем мінезімен сиятын отбасында талбесіктен берілген тәрбиенің маңызы зор. Болар баланың белін буып, бетін қақпаған шаңырақ иелері перзенттерінің дұрыс таңдау жасайтынына кәміл сенді.

– Балалардың таңдауына ризамын. Мәселен, Нұрбақыт спортпен айналыса жүріп, үй шаруасына да тиянақты болды. Өзіне деген тәртіптің арқасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында жүлде алды. Бүгінде Меруерт қызым Жаркент қаласында ұстаздық қызметте. Былтыр республикалық байқауда аудан бойынша тұңғыш болып үздік ұстаздарға берілетін жүлдені алды. Ербақыт та өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сол сияқты әр қайсысы бүгінде бір-бір маман. Барлық балам Жетісу жерінде, – дейді кейіпкеріміз.

1962 жылы 17 жасында тұрмысқа шыққан Рысжан әже Молдахмет ақсақалмен бір шаңырақта 55 жыл бірге тұрды. Өкінішке қарай, отағасы 80 жасында сақи өмірден, бақиға аттанды.

– Мінез жағынан балалар атаң екеумізді теңдей бөліп алған (күлді). Шүкіршілік айтамын. Жастау кезімізде осы балалардың қызығын көруді армандадық. Кенже ұлдарымыз Нұрбақыт пен Ербақыт үйленіп, балалы болғанда қатты қуандық. Қария балалардың аяққа нық тұрғанын көріп кетті, – дейді Рысжан әже.

Жылына 1-2 рет әр баласын жеке аралап, демалып қайтатын, 34 немере, 17 шөберенің қызығына тоймай жүрген әже:

– Немере, шөбере дегеніңіз баладан да тәтті. Олардың әр жетістігі, қуанышы төбеңді көкке жеткізеді. Бүгінде  қолымда Ербақыттың 6-сынып оқитын тұңғышы мен 2-сыныптағы қызы бар. Өмірден көрген, білгендерімді айтып отырамын. Немеремнің алды үйленді. Жалпы өмірдегі адамның негізгі миссиясы – балаға дұрыс тәрбие беріп, қоғамда балапандарының өзін қалыптастыруына себепші болу, – дейді.

Теңізбаевтар әулетінің ұйытқысы болып отырған Рысжан әженің балалары мен немере-шөберелеріне жиі айтатын сөзі: «Айналайын». Осы бір сөздің ішінде жылу, ыстық махаббат тұнып тұр. «Сізді қуантатын сәт не нәрсе?» деген соңғы сауалымызға асыл әжей: «Әр баланың жетістігі», – деп мейірлене жауап берді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.