Талдықорған: +20°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АҚ АЗУ» – ДОСТЫҚ ПЕН МАХАББАТ

27.02.2022
РУХАНИЯТ
"АҚ АЗУ" – ДОСТЫҚ ПЕН МАХАББАТ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ақ Азу анасының жанына барып жатып алды. Ақсеркенің тілі бөлтірікке қолын созып, шалқасынан аударды. Кичи оларға қорқа қарады. Ақ Азу бойын қайтадан қорқыныш билегенін сезді. Сосын өзін ұстай алмай ырылдады, бірақ тістеуге батпады. Ербеңдеген тарамыс саусақтар оның ішінен сипалап, бір бүйірінен екінші бүйіріне аудара берді. Аяқты жоғары көтеріп қойып, шалқадан жата беру біртүрлі ақымақтық және қорлық еді. Оның үстіне, Ақ Азу өзін дәрменсіз сезінді және оның бүкіл болмысы мұндай қорлыққа қарсылық танытты»

«Ақ Азу» повесінен

Америка әдебетінің алдыңғы қатардағы классигі Джек Лондонның аталмыш шытырман оқиғалы шығармасын Әділет Қабылов аударған. Тілі жеңіл де көркем, баяндау мен суреттеуі мейлінше қанық тәржімаланған. Жазушының өз стилінен ауытқымай қотарылған шығарманы кез-келген оқырман бір деммен оқып шығады.
Бес бөлімнен тұратын повест оқырманды бірден тағылық әлемге сүйрей жөнеледі. Арнайы тапсырмамен ұзақ сапарға шығып, ақсөңке қардың үстінде шана сүйреп бара жатқан жегінді иттердің шабысындай ұшқыр ойыңыз қияндағы Қиыр Солтүстік өлкесіне сапарлайды. Генри мен Белл атты қос жолаушының соңына түскен бір үйір қасқыр жаныңызды байыз таптырмай, құдды ажал шеңгелін өзіңізге салатындай тебіренесіз, тіксінесіз. 
Тарпаң мініп, қан қыстақта күні өткен қазақ халқының қасқырдан бәлендей шіміркеніп, сескенер жайы болмаса да жазушы суреттеуімен қос мұндарға алаңдай түсесіз бе, қалай? Оның үстінде жегінді иттердің жетеу болып шанаға тіркеліп, бірте-бірте саны азайып жатқанда «Қап, әттеген-ай» деп повесттің басында-ақ сан алуан ойға шырмалып, сан толғаққа кеуде босатасыз.
«Таңғы ас көңілсіз ішілді; қалған төрт ит шанаға жегілді. Бұл күн де өткен күндердің көшірмесіндей болды. Жолаушылар қарлы далада үнсіз келе жатты. Үнсіздікті көзге көрінбей арттан қалмай келе жатқандардың ұлуы бұзды. Қараңғы түскеннен кейін, күткендей-ақ, қуғыншылар жақындай түсті және ұлыған дауыстары да іргеден естілді; иттер қорқыныштан қалтырап, әбігерге түсіп, бауына оралып қалып жатты, осының кесірінен адамдар одан бетер қиналды», – деп суреттеген жазушының аталған шығармасын оқып отырып толқымау мүмкін емес-ті. 
Қаншық қасқырдың айласына арбалған иттер байлаудан желі үзіп, ақырында үйір қасқырдың талшығына айнала берді. Соңында үш итті азулылар аранына бермеуге жанталасқан қос жолаушының бірі жалқы сапарлауға тура келді…
–  «Қаншық қасқыр, – деп сыбырлады Генри. – Фэтти мен Фрогқа не болғанын енді түсіндім. Қасқырдың үйірі иттерді қармаққа түсіру үшін мынаны жұмсайды. Ол итті соңына ертіп әкетеді, сосын қалғандары оны жеп қояды», – деген диалогтан-ақ шығарма желісін түсініп-тұшынуға болатындай.
Осындай сарынмен басталған «Ақ Азу» повесінде негізгі кейіпкер әлі өмірге келмеген Кичи қаншықтың бөлтірігі еді. Оған дейін тағылар әлемін тәтпіштеп жазған Джек Лондон түз тағысына мейлінше қою суреттеме беріп, қасқырлар әлемінен сырғақтата сыр суыртпақтайды. Түздің азулысын қазақтай танып-білген ел жоқ-ау деп жүрген қарақан басымыздың қиялы шығарманы оқи келе тасқа түскен құтыдай қирап қалғанын жасыра алмаймыз. Өйткені, сонау Америка топырағында от жүрегін тулата өмірге келіп, жарты әлемге сапар шегіп, адамзат баласының әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан Джек Лондонның білім-білігі, дүниетанымы мен жазушылық қасиеті сан шығармаға жол ашқандай ма деп толғандық. Мәселен, қазақ әдебиетінің классигі      М. Әуезовтың «Көксерек», қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың «Жан пида» романдарындағы қасқыр бейнесі, оның табиғаты, жазушының тағылар әлемін суреттеуі «Ақ Азу» шығармасымен сабақтасып жатыр десек артық айтқандық емес.
Дара суреткер Джек Лондон аталмыш шығармасында тағының психологиясын де ерекше бедерлей білген. Мәселен, Біркөзді қасқырдың шау тартып, шалдуыр күйге жеткенімен қаншық үшін талас-тартыстағы айлакерлігін ерекше айшықтай білген. Күйегі жеткен Кичи үшін қуат-әлі бойындағы қанмен тулай білінген жас қасқырлар таласып, ақырында жеңіске қалжырай жеткен мықтысын Біркөзді айламен алып жығып, майып қылады. Сосын Кичимен салтанатты түрде тағылық жұбын құрып өмір кеше бастайды. Осының өзінде «Көпті көрген» деген қазақтың аталы сөзі қылаңытады. Жалпы, қазақтың таным-түсінігіндегі көптеген психологиялық, философиялық ғылым негізінде түзілген аталы сөз, өмірлік ұстанымға жетелейтін ділмарлық қағидаттар «Ақ Азу» повесінде өзінен өзі менмұндалайды. Содан ба әлде «көк бөрінің ұрпағы» деп өзімізді тағылардың әлемімен тамырластыратын, тұтастыратындықтан ба, аталмыш шығарма жанға жылы леп естіретін туынды екені анық.
Неміс философы,  ойшылы Ницше: «Адам уәде бере алатын жалғыз мақұлық», – депті-мыс бір естелігінде. Сол айтылғандай, адам баласының өзге жаратылыстан артық сипаттарын саралай келе, қасқыр табиғатын ерекше екшеп жазған жазушы, ең алдымен бір астанымды алға тартқан ол күллі адамзат баласының әрбірі дегдар болмысқа, жеке сипатқа ие екендігі. Осы орайда, шығарма желісіне аз-кем ойыссақ. Кичи мен Біркөздінің тағылық ғұмыры жанданып, бөлтіріктер дүниеге келгенімен, көп өтпей аштық қыспағында қалған олар күшіктерінен айырыла бастайды. Ақырында тек Ақ Азу ғана тірі қалады. Аналық түйсікпен әкесін бөлтірігіне жолатпай жүргенімен Кичи кейіннен бір көздінің аң аулап, өздерін тояттатып жүргеніне үйреніседі. Кичидің Біркөздіні жолатпау себебін де жазушы тағылық болмысқа икемдеп, әкенің жас күшіктерге ауыз салады деген соқыр сенімі екенін айшықтаған. «Әкенің қадірі жездедей-ақ» деген қазақтың кері ауызынан төгілген аса құптамайтын тәмсіл де осы орайда жазушы астарлаған дүниеге саяды. 
Біркөздінің ішкі байламымен бөлтірігі мен қаншығына аң аулап, сыбаға ажыратып беріп тұрғанымен, сілеусінмен болған ақырғы айқаста өлім құшады. Сөйтіп, қараңға үңгірде көзін жаңа ашқан Ақ Азу мен анасы Кичи ғана қалады. Жазушы үңгірдегі өмірді көркем суреттей отырып, ананың бөлтірікті қақбайлап жарық ғаламға шығармай, жыртқыштардан қорғап өсіріп келе жатқанын ерекше бейнелеген. «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» деген қазақтың аталы сөзіне икемделген сол бір қысылтаяң шақта аштықты жеңу үшін, жалғыз бөлтірігін тойдыру қамымен Кичи үңгірден шығып, Біркөздіні майып қылған Сілеусінмен шайқасқа түседі. Ақырында жеңіс салтанатын бастан өткеріп, сілеусін етін талғажау етеді.
 Кичи мен Ақ Азудың одан кейінгі өмірі адамдар арасында өтеді. Басында екі аяқты мақұлықтарға үйренісе алмай, олардың ауыр соққысын жеп естен танып, сойылына жонын тосып жанығып, ашынып өсіп келе жатқан Ақ Азудың талайлы тағдыры жанды уылжытады. Алайда, тағы болған соң әрі адамдардың одан мың есе айлакер әрі қуатты екенін ескере білген бөлтірік өсе келе екі аяқтыларсыз күн көру қиын екенін түсінеді. Осы ретте біз де повест желісін ары қарай мазмұндауды доғарсақ, қалғанын алдияр оқырман еншісіне қалдырсақ деп түйдік. Өйткені Ақ Азудың одан арғы тағдыр соқпағы шым-шытырық сүрлеу-сүрдекке, қым-қиғаш қызық оқиғаларға толы екені даусыз. Оны тек оқырман ретінде еңсеру керек-ті. Сонда ғана әлемдік классика қатарына кірген шығарманың қаншалықты терең жазылғанын, тағылар табиғатының қаншалықты көркем баяндалғанын ұғасыз.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.