Талдықорған: +13°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АҒАШ ЫДЫСПЕН МИЛЛИОНЕР АТАНДЫМ

18 қазан 2018
РУХАНИЯТ
АҒАШ ЫДЫСПЕН МИЛЛИОНЕР АТАНДЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандық кәсіпкер Абзал Бегімбетов «Business Connect» жобасының кезекті кейіпкері атанды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан жоба жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға, тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуға бағытталған. Жоба аясында студенттер мен жастардың және жаңа кәсіп бастаушылардың табысты кәсіпкерлермен кездесулері ұйымдастырылады.

Ағаштан ұлттық ыдыс жасайтын Абзал Бегімбетовпен кездесуге «Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының түлектері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Кәсіпкердің сөзінше, астау сияқты ыдыс жасап шығару оңай емес. Бәрі де қызығушылықтан басталып, кейіннен бизнеске айналған.

– Бірнеше жыл бұрын ыдыс жасауға қызығушылығым оянып, үй жағдайында жасай бастадым. Тараз қаласында осындай өнім шығаратын кәсіпкермен жолықтым. Келіссөздерден кейін цехтарының бірін жалға алып, жұмысшылар тартып, істі бастап кеттім. Сол кезде қолөнер шеберлерінің көп екенін байқадым. Алайда, өндіріс орнын дайындап, өнім жасау ісін ілгерілету мен өткізуді көбісі біле бермейді. Кәсіпкерлік қызметім осылайша басталды. Қазіргі кезде астау ыдысына сұраныс танытатындар көп. Содан-ақ, өнімді тұрмыста қолданатындардың аз емес екендігін байқайсыз. Сондықтан оны өткізуде еш кедергі жоқ. Дайын өнімдеріміз қазір Астана, Алматы, Қостанай қалаларында саудаланады, – дейді Абзал Бегімбетов.

Бұдан соң ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар байқауына қатысты. «Ағаштан ұлттық ыдыстар жасау өндірісінің жобасы бойынша үздік атанып, миллион теңге көлеміндегі грант бұйырды. Бұл қаражатқа құрал-жабдықтар сатып алынып, цех кеңейтілді. Өндіріс орнында бес адам жұмыс істейді», — дейді ол. Олар күніне 12-15 данадан астау жасап шығарады. Өнім сапасы мен жарамдылық мерзімі ағаштың жасына қарай бағаланады. Ағаштың жасы ұлғайған сайын ыдыс та мықты болады екен.

Кәсіпкер өнім сапасы мен авторлық құқықты сақтау мақсатында әр өнімге «Үкікөз» деген қазақтың ежелгі ою-өрнегін басады. Өз кезегінде бұл өрнекті ұқсатып жасау оңай емес. Абзал кәсіпкерлікте алдымен өз ісіңді жақсы көріп, шеберлігіңді ұштап, жетілдіріп отырудың маңызды екенін айтады. Аз уақыт ішінде кәсіпкердің дайын өнімдеріне деген сұраныс артып, танымалдығы артты. Сонымен бірге ол жас шеберлер мен кәсіпкерлерге тәлімгер атанды. Өндіріс орнына ондаған адам оқуға жазылып, кейін өз істерін ашқан. Ендігі таңда Абзал Бегімбетов өнім түрін көбейтуді жоспарлап отыр.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы: Қалың қар, үсік және төтенше өрт қаупі бар

Бүгін, 10:45
Имамдар сыннан өтті

Имамдар сыннан өтті

Бүгін, 10:30
Дүниежүзілік банк Каспий мен Арал мәселесін шешуге қолдау көрсетеді

Дүниежүзілік банк Каспий мен Арал мәселесін шешуге қолдау көрсетеді

Бүгін, 10:15
Алакөлде жол сапасына қатысты дау туды

Алакөлде жол сапасына қатысты дау туды

Бүгін, 09:45
Басты талап – сапа мен мерзім

Басты талап – сапа мен мерзім

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.