Талдықорған: +23°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА — 150 ЖЫЛ: МЕРЕЙТОЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

28.10.2021
РУХАНИЯТ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА - 150 ЖЫЛ: МЕРЕЙТОЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлт ұстазы, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев төрағалық етті. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Жиын барысында 2022 жылы тойланатын мерейтойды халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО аясында атап өту және дайындық іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Комиссия төрағасы Қырымбек Көшербаев Алаш ардақтысы, реформатор ғалымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, әдебиет және тіл ғылымдарының негізін салудағы еселі еңбегіне айрықша тоқталды. Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірегейі, асыл халықтың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда маңдай терін шүмектеткен қайраткер екенін айтты.

– Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл тот басып қараусыз қалған тегершігін айналдырып, үздіксіз қозғалысқа қосып берген ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруын тап ондай біліп, сол жолда қалтықсыз қызмет етіп, мәңгі ескірмейтін мол мұра қосқан қайраткер қазақ даласында кемде-кем, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспар жобасын айрықша атап өтті. Аталған жоспарда Ахмет Байтұрсынұлының қызметін жан-жақты танытуға бағытталған халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шаралар қамтылған.

Аталмыш жиында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов баяндама жасады. Өз кезегінде белгілі ғалымдар Айгүл Ісмақова, Мәмбет Қойгелдиев, «Егемен қазақстан» газетінің бас редакторы Дархан Қыдырәлі, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов сөз алып, ұсыныс-тілегін білдірді.

Ұлт ұстазының мерейтойын атап өту барысында еліміздің оқу орындарында ғылыми-практикалық конференциялар, оқулар сынды түрлі шаралар ұйымдастырылады. ТҮРКСОЙ ұйымы мүшелерінің қатысуымен халықаралық Түркологиялық конгресс өткізу жоспарланған. Алаш қайраткерінің шығармашылығы бойынша білім беру орындарында ашық сабақтар, тақырыптық конкурстар өткізіліп, ұлт ұстазының таңдамалы еңбектерін орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аудару, ғылыми еңбектерінің толық жинағының 12 томдығын баспадан шығару, Ахмет Байтұрсынұлының және «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің еңбектерін шетелдердің архивтерінен іздестіріп, ғылыми айналымға енгізу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы көркем фильм түсіру, музей-үйіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу де жоспарға енді.

Ұлы тұлғаның 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО аясында атап өту мәселесі ағымдағы жылғы қараша айында өтетін бас конференцияда қаралады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізу керектігін ескертіп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.