Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБА

16 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБА
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Алматы облысы үшін тарихи жыл. Жетісудың кіндік қаласы саналатын Талдықорған қаласының облыс орталығы болғанына жиырма жыл толды.

Жиырма пәлендей көп емес, десе де жиырма жыл жалындаған жас жігіттің ғұмыры. Нағыз түрленіп, бой көрсетіп, сұлулығымен, сымбаттылығымен көз қуантатын кезі. Көз қуантады демекші, Талдықорған қаласының түрленуіне менің де өз үлесімнің бар екені қуантады. 2001 жылы тарихи көштің Талдықорғанға қарай бет бұрғаны әлі есімде. Ұлы көшті қарсы алушылардың қатарында Талдықорған қаласының тұрғындарымен бірге мен де болдым. Сол күннен бастап жантайып қалған қаланы қайта қалпына келтіруге белсене қатысып, үлкен істің қақ ортасында жүрдім.
Ең әуелі, қираған үйлерді қалпына келтірдік. Олардың сыртқы дизайнынан бастап, ішкі жұмыстарына дейін арнайы заман талабына сай жасалып, бүгінде халық игілігін көріп отыр. Қалаға көрік берер алғашқы нысандардың бірі болып Қаратал өзенінің жағасынан «Аквапарк» орын тепті. Бұл іс менің сол кездегі авторлық жобаларымның бірі болды. Жиырма жыл бойы қарқынды құрылысы тоқтамаған Талдықорған қаласы күн санап тотыдайын түрленіп, жайнап келеді. Одан кейін орталық алаң, облыстық әкімдіктің күрделі жөнделуіне де білек сыбана кірістік.
Жыл өткен сайын жаңа нысандар бой көтере бастады. Тек қана әлеуметтік нысандар емес, қаланың айбынын асырып, келген қонақтың көңілін шаттандырып, есте қалатын тарихи-мәдени салаға да көңіл бөлінді. Ежелден тарихын тереңнен тартып, жұрт алдына ұсына алатын ескерткіштерді орнату үлкен ұлы істің бірі болды.
Бұл ретте Тәуелсіздік көшесі, бүгінде Н.Назарбаев даңғылының бойына үш атаның – Ескелді, Балпық билер мен Қабылиса жырау ескерткішін жарқыратып қойдық. Одан кейін елдің намысы мен қазақтың айбары болған бас батыр Қабанбай атамыздың ескерткішін, қалаға кіреберісте Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің ескерткішін орнаттық.
Бұл да менің бабалар аруағына деген сый-құрметімнің белгісі іспеттес, қаланың өркендеуіне қосқан авторлық жұмыстарым. Одан кейін Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы, облыс орталығының он жылдығына арнап, орталық алаңда Елбасының скверін аштық. Талайды тамсандыратын көрікті орында біздің де қолтаңбамыз айқын айшықталып тұр. Ал орталық саябақты қайта қалпына келтіруде көп еңбек еттік десем артық айтпаймын. Ескірген ағаштар орнынан сырылып, орнына жас тал егілді, қақ ортасына киелі қазақтың шаңырағы орнатылды. Ол композициямның мағынасы өте терең. Бірлік пен берекенің алтын қазығындай бой көтерген шаңырақ жастардың, жас отбасының үлкен жолға қадам басатын киелі ордасына айналды.
Бұл жоба жалғыз мені ғана емес, күллі қала тұрғындарын қуанышқа бөлейтіні мен үшін үлкен мақтаныш. Әр шаңырақтың ат байлайтын алтын қазығы болады. Олай болса, Талдықорған қаласына кіреберістегі қаланың темірғазығы іспеттес айналманың ортасына орналасқан «Жетісу» монументі де қаланың алтын қазығына айналды.
Жастар паркін жөндеуге де белсене атсалыстым. Көк Туымыздың орнатылуында, Рухани жаңғыру орталығында да маңдай тер мен қажырлы еңбегіміз жатыр. Мен мұның барлығын мақтанайын деп емес, қаланың, облыс орталығының мақтанышы екенін айтқым келіп отыр. Талдықорған қаласының облыс орталығы болғанына жиырма жыл толуымен барлық Жетісу жұртын құттықтаймын. Ұлы көш ұлы істерге бастасын!

Қаби БАУЛЫҚОВ,
сәулетші, Мәскеу халықаралық 
архитекторлар академиясының 
академигі, профессор

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.