Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ

25 сәуір 2019
РУХАНИЯТ
АЙТЫСКЕР АҚЫНДАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті қара домбырадан саз төгілді. Қасиет тұнған кеудеден жыр мамырлап, рухани шөліркеген жетісулықтардың жан сарайын ашқандай көрінді. Айтыс өнерінің ерен жүйріктері дәл І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Ұлы Дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты концерт берді.

Бекзат өнердің өрендері қойған концерттің шымылдығын айтыстың аққуы Айнұр Тұрсынбаева арнау жырымен ашты. Жетісуды «Алыптар шыққан Ақ ордам» деп жыр төккен Алаштың ақын қызынан кейін киелі өңірдің текті ұлы Балғынбек Имашев сахнаға көтеріліп, Шыңғысхан мен Бейбарыс, Тоқтамыс бабалардың ерлігін өрлікпен өлеңге арқау етті. Өз кезегінде Сара Тоқтамысова да:

«Батыр да туған Жетісу,
Ақын да туған Жетісу,
Талдықорғаным аман ба, 
Осынау байтақ далада?»
— деп арқалы жұрттың арқасын қоздырса, айтыстың перісі Жандарбек Бұлғақов: «Елордада жүрсем-дағы, Жетісу, Сенсің менің жүректегі Астанам», — деп көсілді.

Ақық жырдан кейін жетісулық қос ақын сөз алды. Олар дәп бүгін өмірге келгендігін, бұл республикалық жоба екенін және ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен бастау алғанын, игі істі туған жерден қолға алып отырғандарын ерекше атап өтті.

Төрткүл дүниенің байлығын текті елінің тоқымдай топырағына алмастырмас төрт ақын өзара сөз сайысына түсті. Сонымен қатар, «Қыз ұзату» сынды бірқатар әндерін әуелетіп, ұлы өнерді ұлықтады. Айта кетерлігі, аталмыш концерт 1 мамырда Алматы қаласында өтпек және одан ары еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады деп күтілуде.

Шарада Жалғас Садыр мен Сырым Әуезхан айтысты. Төрт ақын «Құлмамбет» айтысын жасап, тыңдарманды тәнті етті. Өз кезегінде Балғынбек пен Жандарбек қара өлең шумақтарын төгілдірді.

Осынау игі шараның соңында билеттерден түскен қаржыны ақындар қайырымдылыққа жұмсады. «Мейірім танытпаған мейірімге бөленбейді дегендей, осы кештен түскен қаражатқа баспана сатып алдық. Осы қонысты бес баласымен тіршілік таршылығын татып жүрген Еркін Тәңірбергенов атты азаматтың отбасына табыс еткелі отырмыз», — деген Б.Имашев айтыстағы қарсыласы, өмірдегі досы А.Тұрсынбаева екеуі кілтті салтанатты түрде үй иелеріне табыс етті.

Журналистерге берген сұхбатында пәтер иесі атанған Еркін Тәңірбергенов: «Осы қуаныш көктен түскен нұрдай әсер етті. Кештің қонағы болыңыз деп билет берген. Үйлі боламын деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Елім, жерім деген қазақтың ақындарына алғысым шексіз. Толқып тұрмын, көздің жасы — көңілдің қуанышы», — деп тебіренді.

Шарапатты шара соңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев Талдықорған тұрғындарына концерттік бағдарлама тарту еткен төрт айтыскерге аймақ басшысы Амандық Баталовтың Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, белгілі айтыскер Балғынбек Имашевқа Алматы облысының Құрметті азаматы атағы берілді. Тебіреніске толы сәтте Балғынбек бүкіл Жетісу жұртшылығына, алдыңғы буын ағалары мен шәкірттеріне, аяулы анасына арнайылап алғыс айтты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.