Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛАКӨЛ АУДАНЫ БОЙЫНША 784 ЖАС ТҮЛЕК ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

25 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
АЛАКӨЛ АУДАНЫ БОЙЫНША 784 ЖАС ТҮЛЕК ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАНАТ ҚАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Дүниежүзін дүрбелеңге салған тәжвирусының салдарынан биылғы оқу жылы да онлайн форматта өтіп, шәкірттер қашықтықтан білім алуға мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде білім беру саласына едәуір зиянын келтіріп отырғаны да белгілі. Алайда түлектердің жүрек дүрсілін жиілетіп, мектеппен қоштасар «Соңғы қоңырау» мерекесін оффлайн өткізуге мүмкіндік туды. Бірақ тек тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары ғана сап түзеп, қоңырау сыңғырын тыңдады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Осы ретте Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Үшарал қазақ гимназиясы түлектерінің қуанышын бөлісіп, мерекелік жиынға қатысты.

Аудан басшысы А.Абдинов: «Міне, қызығы мен қиындығы мол кезекті оқу жылы тәмамдалды. Бұл білім сапарында шәкірттер ұлағатты ұстаздарының арқасында тәлімді тәрбиеге сусындап, келешектерін ақыл-санамен қалауға қол жеткізді. Жаһандық бәсекедегі бәсіміздің жоғары болғанын қаласақ, ең алдымен, ізімізді жалғар жас ұрпақтың білімдегі үлесіне ерекше назар аударғанымыз жөн. Карантиндік талаптарға байланысты оқу жылы өзіндік ерекшеліктерімен өтті. Алайда ұстаздар мен оқушылардың өзара байланысы, кәсібилігінің арқасында ойдағыдай аяқтап отырмыз», — дей келе, түлектердің алдағы сапарына сәттілік тіледі.

Сөз алған Үшарал қазақ гимназиясының директоры Қорлан Құсайынова: «Бүгін, міне, мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағар түлектер ерекше күйге бөленуде. Бір жағынан мектептерін қимаса, екінші жағынан бейтаныс үлкен өмірге деген қызығушылық олардың алға қадам басуға деген құлшыныстарын еселеуде. «Мектеп – теңіз, білім – кеме» демекші, осынау шеті мен шегі жоқ ұшан-теңіз білім мұхитын кезген бүгінгі шәкірттер Қазақстанның болашағын қалайтын бірден-бір буын өкілдері», — дей келе, аталған білім ордасының осы оқу жылындағы жетістіктеріне тоқталды. Биыл бұл мектепте 708 оқушы білім алды. Түлектер саны 32, олардың 4-еуі «Алтын белгіге», 3-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер. Білім сапасы 82,2 пайызды құрап отыр.

Ертеңгі күнге сеніммен қарайтын түлектердің жүрегінде қимастық сезімі бар екендігі көздерінен-ақ көрініп тұр. Соңғы вальстарын тебірене билеген олардың болашақта әлем аренасында «Қазақстан жастары» деген брендті қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосады деген үміттеміз. «Бүгін біз соңғы қоңыраудың сыңғыры естілген сәттен бастап үлкен өмірге аяқ басамыз. Осы сапарда алда кезіккен ешбір қиындықтан мойымай, тек биікке қарай қадам баса бермекпіз. 11 жылдық біліміміздің негізін қалаған ұстаздарымыз бен бауыр етім баламның қамы үшін деп барларын аямаған ата-аналар үмітін ақтаймыз деген ойдамыз. Жалғыз Отанымыз — Қазақстанның келешегін қалауда өзіндік таңбасын қалдырар азаматтардың қатарынан табылуға барымызды саламыз», — деді «Алтын белгі» үміткері Назерке Даниярқызы.

Карантиндік талаптарға байланысты аудан мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекесін түске дейін 11-сынып түлектері, түстен кейін 9-сынып оқушылары атап өтті.

Айта кетерлігі, биыл Алакөл ауданында 13 378 бала оқу жылын тәмамдап отыр. Барлығы 784 түлек, олардың 56-сы «Алтын белгі», 53-і «Үздік аттестат» үміткері. ҰБТ тапсыруға 686 түлек ниет білдіріп отыр.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.