Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛАКӨЛ, ТАМСАНАМЫН КЕЛБЕТІҢЕ! АҚТҮБЕК АУЫЛЫНДА ӘДЕБИ БАЙҚАУ ӨТТІ

29 қараша 2021
РУХАНИЯТ
АЛАКӨЛ, ТАМСАНАМЫН КЕЛБЕТІҢЕ! АҚТҮБЕК АУЫЛЫНДА ӘДЕБИ БАЙҚАУ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ әдебиетінде табиғаттың тамыршысы іспетті, тамашасын жырға қосып жүрген ақындар аз емес. Кестелі сөз бен жүйрік ойды оқырманға шынайы әрі танымды етіп жеткізу де өжеттіліктің белгісі. Осындай бірегей таланттардың бірі, Алакөл тумасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, ақын, композитор, әнші, сазгер Естай Әлікеевтің Ақтүбек атындағы орта мектепте «Жүрегім – сазды сандығым» атты кең көлемді үш сатылы байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты — ақынның шығармаларын жас жеткіншектерге дәріптеп, алдағы өмір жолына жарқын ой салу.

Аудан бойынша өткізілген бұл шараға 85 көркемсөз оқу шебері қатысып, өз қабілеттерін ортаға салды. Оған аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужанов, ауданға қарасты Көктұма ауылының тумасы, кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Рахман Омаров, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Ғайни Шаймарданұлы, ауыл әкімі Мұрат Ахметов және ақын, композитор, әнші, сазгер Естай Әлікеевтің өзі қатысып,  қазылық етті.

Алакөл, тамсанамын келбетіңе, 
Өзіңдей жер бар ма екен жер бетінде?
Қабанбай бабамыздың рухы болып,
Толқының толқып жатыр тербетіле,
— деп жырлаған Естай ақынның жас дарындарға арналған байқауына тірек болып келген достары да өз ойларымен бөлісті. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген дарындыларды даралайтын оқудағы озаттарға арналған бұл байқаудың ерекше бір тұсы үш кезеңнен, яғни «Жүрегім — сазды сандығым» номинациясы бойынша оқушылар сазгердің өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқыса, «Әзірге айтарым…» кезеңі бойынша жас дарындар ақынға арнаған өз шығармаларын таныстырды. Ал «Ән — жүрегімде» атты кезеңінде композитордың әні мен термесін орындады. Айтулы  байқауда бой көрсеткен үздіктер мен жеңімпаздарды құрметті қонақтар арнайы құттықтап, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Бақытым да, тілегім де — ән,
Жақұтым да, тірегім де — ән.
Шашуым да, бұл еліме — ән,
Менің мәңгі жүрегім де ән!
– деп жырлаған жерлесіміз жиын соңын өзінің репертуарындағы керемет әнімен жалғастырып, аудан азаматтарымен естелік суретке түсті.

Қасиет АРЫСТАН,

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.