Талдықорған: +30°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛДИЯР БАТЫР (ТАРИХИ ДАСТАННАН ҮЗІНДІ)

22.10.2021
РУХАНИЯТ
АЛДИЯР БАТЫР (ТАРИХИ ДАСТАННАН ҮЗІНДІ)
WhatsAppTelegramFacebook

Биігім де, уа, бабам, асқағым да,
Айбыныңмен дұшпанды жасқадың да.
Елге жайлы ертеңім болса деумен
Атан қомы күн кештің, ат жалында.

Ел-жер үшін қанша арыс жан тапсырды,
Куә болып ерлікке тау-тас тұрды.
Серік етіп сертіңді жау қашырдың,
Жуасытқан толқынды жартас сынды.

Болмасын деп ұрпағым тірі мүскін,
Жан алыстың, жан беріп, қырылыстың.
Қалмағың да, шүршітің аяқ тартты,
Қарсы алдында қаймығып ұлы күштің.

Ұлан-ғайыр қорғадың даламызды,
Естіп өстік бағзыдан сан аңызды.
Теңедіңіз жақыбай-қарашаны,
Бөрі едіңіз білдірмес жараңызды.
Ат  үстінде  өмірің түсті егеске,
Ел-жұртыңды шығардың нық белеске.
Сарқаныңда сомдалса ескерткішің,
Тас тұғырың сырт көзге сұсты емес пе?

Исі қазақ, жан бабам, туысқаның,
Ел-жерім бар, атады тыныш таңым.
Рухың қажет еліңе, Сіз қажетсіз,
Ұмытпаңдар деу үшін ұлыс қамын.

Намыс, талап, талпыныс жандырар бақ,
Алға ұмтылам ертеңгі таңды барлап.
Өзің жайлы толғанып, тебірендім,
Қалам алдым қолыма Алдиярлап!
         
                         * * *
Қайрады ер біткенді намыс қатты,
Билік те, игілік те қалыс қапты.
Әз Тәуке хан тұсында дейді тарих,
Батырлар институты қалыптасты.

Жұрты үшін көз шырымын алмады хан,
Қазаққа сол жылдары болған ұран.
Алдияр батыр бабам қол бастапты,
Тәукенің орын алып оң жағынан.

Кімдерден бабамыздың атағы кем,
Ұлысқа жігер беріп қосады дем.
Кеңесші болып ханға ақылымен,
Дұшпанды ықтырыпты қаһарымен.

Асу боп Қазақия аса алмаған,
Қас дұшпан қан түкіріп қоқаңдаған.
Тәукенің бас батыры ат үстінде,
Жүргенде жатжерліктер бата алмаған.

Өткенім жұрт жадында, алдым сағым,
Өшпейді ізгі ізін қалдырса кім.
Қиялға мен де аздап билік бердім,
Батырдың ойға оралтып балғын шағын.

        * * *
 Көкейіме таным құсы ұя сап,
Бабам атын өң-түсімде жиі атап.
Білгенімді ақ қағазға түсірдім,
Иә, сәт!

Келелі бір кеңесті мен шертемін,
Өткен күнім тұнған тарих иен тегін.
Бала Алдияр еркін өскен ұлы екен,
Елкенің.

Ерте сезіп жақын менен алысты,
Ерте есейсем деп жылдармен жарысты.
Ерке ұлы шаруа баққан әкенің
Намысты.

Жігерлі ұлан ақылдан да кенде емес,
Жаужүрек ұл мынау ойпаң, өр демес.
Отыратын талғажау ғып тапқанын
Пенде емес.

Он төрттегі бозбаланы айбатты,
Жауға салмай бағын әке байлапты.
Намыстанды қайда жұмсарын білмей
Қайратты.
Жатқызбады жүректегі жалыны,
Бойға сыймай алымы мен қарымы.
Қолдамады арқа сүйер ағайын,
Ауылы.

Естігенде жау жағадан алғанын,
Намыс көрді елде елеусіз қалғанын.
Билікті ауыл ұғынғысы келмеді
Таңдауын.

– Кетем, әке, таусылды ғой төзімім,
Жаумен жағаласпай қоймас бөрімін.
Ақтамадым достарымның әзірше
Сенімін.

Кетем, әке, бойкүйездеу ортадан,
Таба алмаспын бұл ауылдан барқадам!
– Аттанды ұл, қақпаса да жанашыр
Арқадан.

Аттанды ұл, желден жүйрік тұлпары,
Белден асты, көлден асты, шырқады.
Батырлардың жаудан, даудан қайтпаған
Ұрпағы.

Алатаудан асып батыр барғанда,
Қырғыз қоңсы құшағына алғанда.
Айырқалпақ ағайынға танылды
Майданда.

Жекпе-жекте ешкімге дес бермепті,
Саруд манап «Сенің орның төр» депті.
Қол бастады, жол бастады жас батыр
Көрнекті.

Жүрек жұтып жау қоршауын жарыпты,
Көзсіз ерің жау қамалын алыпты.
Қырғыздағы хас батырдың есімі
Даңқты.

Топты жарған бабам жиырма  жасында,
Қолбасшы боп жау жарақты қосынға.
Ғашық бопты Саруд қызы Қаншайым
Батырға.

Отау құрды батыр бабам іргелі,
Перзент көрді, толды сөйтіп бір кемі.
Қырықсадақ, Қырғызшораны әкелді
Сүйгені.

Су ішкенмен таза пейіл-тұмадан,
Ер болғанмен қалың көпке ұнаған.
Кетпей қойды көкейінен алайда
Бір алаң.

Елді ойласа кірмей қойды шырайы,
Туған-туыс түске енеді ұдайы.
Сол бір алаң туған жерге сезімі
Шынайы.

Шығара алмай құпиясын іштегі,
Маза кетті тылсым сырды бүккелі.
Тәуке ханнан келді бір күн шақыру
Күткені.

Сол шақыру жойды күдік-алаңды,
Қайраттанды, жігерленді, жаңарды.
Қорғау үшін туған жерін дұшпаннан
Оралды.
                     
    * * *
Уа, Алдияр бабам!
Келдің, көрдің, жеңдің десем,
Сөзімнің жоқ жалғаны.
Өзің келіп өскен жердің,
Күліп атты таңдары.
Туған елге оралдың да,
Қыран болып самғадың.
Атағымды қалдырсам деп,
Зәулім сарай салмадың.
Батырым деп сенген елге,
Қолбасшым деп ерген елге
Өміріңді арнадың.

Ханның қалап алдырғаны,
Айналаңа мәлім-ді.
Лас табанға таптатпадың,
Намысыңды, арыңды.
Қаптағайлап топты жарып,
Рухтандырдың қауымды.
Алдиярдың көзсіздігі
Төңірекке танылды.
Арыстандай айбаттанып,
Жолбарыстай қайраттанып
Жерге тықтың жауыңды.

Тәуке ханның оң жағынан,
Орын алған сұңқарым.
Ентелеп бір жау төнгенде,
Ебі болып бұрқадың.
Сайқан болып шамырқанып,
Қайратыңды жұмсадың.
Қауымыңа қорған болып,
Ел іргесін қымтадың.
Ұлысыңа ұран болдың,
Сыйынғанға тұмар болдың,
Ұмытпайды ұрпағың.

Елшілікті қолай көрдің,
Ханның құптап шешімін.
Елдестірмек елші келсе,
Аштың көңіл есігін.
Келісімді бұзғандарға,
Қатал болды кесімің.
Айыпты боп жығылғанға
Жасай білдің кешірім.
Сәби өсіп ержетсін деп,
Ана әлдилеп тербетсін деп
Перзентінің бесігін.

Елші болып Тобыл барған,
Сары, Көлдей кешегі.
Патша ағзамның жарлығымен
Тұтқын болған деседі.
Бірі батыр, бірі мырза
Елшілерді көшелі.
Басынғаны Ресейдің
Жанға батып кетеді.
Кектің қалай алынғаны,
Тобыл, Қорған шабылғаны
Аңыз болып жетеді.

Елші болып келсе қалмақ,
Оны қолдап-қорғадың.
Мейманым деп мейірлену
Ата-анаңнан алғаның.
Барыс-келіс, алыс-беріс,
Бейбітшілік арманың.
Жауға қатал хан жарлығын
Қаперіңе алмадың.
Хан тобымен қақтығысып,
Құрбан болды оққа ұшып,
Туған інің Майланың.

Жауға қатал, досқа адал,
Дарқан еді жүрегің.
Елмен бірге мерейлендің,
Елмен бірге түледің.
Жұрт жадында жатталдың да,
Көкейіне түнедің.
Ұрпағың бар ұмытпаған,
Аңыз едің, жыр едің.
Жоңғарлармен алысқанда,
Шүршіттерді шанышқанда
Сыр берді ме білегің?

Уа, бабам, қазақ елің
Жаңғырды да жаңарды.
Ұлықтауда аңыз болған
Ақын, батыр, данамды.
Садырдың хас батыры өзің
Алған талай қамалды.
Еңселеніп ескерткішің,
Биік тұғыр қаланды.
Атақ-даңқың Найман асып,
Асқақ Алатаудан асып,
Алты Алашқа таралды!

Жомарт ИГІМАН
 

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

29.06.2026
Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.