Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЛДЫҚТАРДЫ БӨЛІП ЖИНАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

26 шілде 2021
РУХАНИЯТ
ҚАЛДЫҚТАРДЫ БӨЛІП ЖИНАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің әрбір тұрғыны жылына 320 келіге жуық қоқыс тастайды. Бұл қалдықтардың шамамен 84%-ы қоқыс полигондарына жіберілсе, тек 16%-ы ғана қайта өңделеді. Бүгінгі әлемдік тәжірибеде қалдықтармен жұмыс істеудің көму, өртеу және қайта өңдеу сияқты үш нұсқасы бар. Бірақ қалдықтарды көму немесе өртеу экологиялық қауіпті екені баршаға мәлім. Қалдықтарды қайта өңдеп, жаңа өнім шығару оңтайлы жол саналады. Қайталама шикізаттың негізгі мөлшері өндіріске оралуы үшін қалдықтарды бөліп жинау ауадай қажет.

Еліміздің ірі қалаларында қалдықтарды бөліп жинау жүйесі жақсы дамып, оң нәтижелерін көрсетті. Өкінішке қарай, ауылдық жерлер туралы бұлай айту әлі ерте. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқының 40%-ы ауылдық жерде тұрады, алайда ауыл тұрғындарына қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығы туралы ақпарат толық жеткізілмейді.

Осыған байланысты өткен жылы Қазақстанның ауылдық жерлерінде, атап айтқанда, Өтеген батыр ауылында қалдықтарды бөліп жинау бойынша алғашқы әлеуметтік жоба жүзеге аса бастады. БҰҰ арқылы жүзеге асырылатын ғаламдық экологиялық қордың шағын Гранттық бағдарламасының (ҒЭҚ ШГБ) қолдауымен «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығы аталған жобаны іске асыруға кірісті. 

Жоба аясында қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлерді орнатумен қатар тұрғындарды ақпараттандыру жұмысы да жүргізілді. Көпжылдық тәжірибеге сүйенсек, жобаны іске асыру барысында аталған екі бағыт қатар жүргізілген кезде ғана оң нәтиже беретіні белгілі болды. Әлеуметтік жобаны іске асыру жас ұрпаққа, атап айтқанда, мектеп оқушыларына бағытталған. Себебі олар жаңа идеяларды қабылдауға және жаңа әлемдік үрдістерді белсенді қолдауға бейім. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында балаларға экологиялық білім беруді дамытып, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосу аса маңызды екендігі де айтылған. Осыған байланысты, жоғарыда аталған орталық Өтеген батыр ауылында жалпы білім беретін және жекеменшік мектептерде экоклубтар құруға бастама жасады. Экоклуб мүшелері экология саласында күнделікті өмірде қолдана алатын теориялық біліммен қатар практикалық білім де алады. Сондай-ақ, бұл оқу орындарында қалдықтарды бөліп жинау жүйесі енгізілгеннен кейін балалар бұл жүйеге белсене қатыса бастады.  

Өтеген батыр ауылындағы әлеуметтік жоба барысында қағаз, пластик, шыны сияқты қатты тұрмыстық қалдықтарды, сонымен қатар, электронды және қауіпті қалдықтарды бөліп жинауға арналған 14 контейнер пилоттық түрде орнатылды. Контейнерлер орнатылған сәттен бастап 3 ай ішінде тұрғындар қалдықтарды белсенді түрде бөліп жинай бастағанын байқадық. Егер ауыл тұрғындарын толығымен осы жүйеге қатыстыра алсақ, қоқыстарды жинау және өңдеу көлемінің ұлғаятыны анық.

«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес, мемлекет алдында 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу көлемін 40%-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін арттыру міндеті тұр. Бұл еліміздің барлық қаласы мен ауылындағы қалдықтарды бөліп жинау жүйесі енгізілген жағдайда ғана жүзеге асады. Осы ретте Өтеген батыр ауылында жүргізілген әлеуметтік жобаның жетістіктерін еліміздің басқа да ауылдық жерлерінде тәжірибе ретінде қолданып, жүзеге асыру көп жақсылықтарға жол ашады дегенді айтқым келеді.

Әсел МҰХАМЕДЖАН,
«Тұрақты дамуға көмектесу» орталығының PR-менеджері
Іле ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.