Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН ҚОСТАНАЙҒА 100 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТІЛДІ

7 қыркүйек 2022
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН ҚОСТАНАЙҒА 100 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысынан Қостанай өңіріне 100 тоннадан астам азық-түлік жөнелтілді.

Бірнеше күн бойы отандастарымызға Алматы облысының әкімдігі, еріктілер, жастар, кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтар шетте қалмай, азық-түлікпен қатар, құрылыс материалдарын, жеке күтім құралдарын жіберіп отырды.

Фронт-кеңсенің басшысы Ерасыл Толымбекұлының айтуынша, Алматы облысының әкімдігі Қостанай облысының мекемесімен байланыста болып, гуманитарлық көмек жинаған.

«Осындай қиын-қыстау сәттерде қазақстандықтар ауызбіршілігін көрсетіп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің отбасыларымен жеке кездесіп, ешбір отбасы Үкімет назарынан тыс қалмайтынын айтты. Қостанай облысында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халық акциясын қолдай отырып, Алматы облысы да өз үлесін қосып жатыр. Яғни, балаларға арналған жаялықтар – 9 мың дана, құрылыс материалдары – 10 тонна, азық-түліктен: күнбағыс майы, тауық еті – 10 тонна, кеспе – 3 тонна, пияз – 7 тонна, күріш пен алма – 5 тоннадан және тағы да басқасы бар. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын аударды. Қазіргі уақытта аймақтан екі ГАЗель мен төрт жүк көлігі шықты. Қостанай облысына көмекке 10 ерікті кетті», — деді ол.

Еске салайық, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті 2 қыркүйек күні басталды. Бірнеше ауылдан 1841 адам эвакуацияланды. Тілсіз жау 86 жастағы тұрғынның өмірін жалмады. 10 адам жарақат алды, оның төртеуі қазір ауруханада жатыр.

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты шаралар кейінге шегерілді. Өңірге Президент Қ.Тоқаев барды. Өрт болған елді мекен тұрғындарымен кездескен Мемлекет басшысы зардап шегушілерге Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үй салып беретінін айтты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09
Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Табиғи байлықты тиімді пайдаланған

Бүгін, 11:00
Диабетті ерте анықтау маңызды

Диабетті ерте анықтау маңызды

Бүгін, 10:34
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.