Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 100-ДЕН АСА БИЗНЕС НЫСАНЫ «ASHYQQA» КӨШТІ

29 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 100-ДЕН АСА БИЗНЕС НЫСАНЫ "ASHYQQA" КӨШТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында 100-ден астам бизнес нысаны «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алматы облысында «ASHYQ» жобасы іске қосылған сәттен бастап 101 бизнес нысаны жаңа цифрлық жұмыс форматына көшті. Өңірде жобаға алғашқы болып талдықорғандық кәсіпкерлер қосылды. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 26 сәуірден бастап «ASHYQ» облыстың аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлік нысандарында енгізіле бастады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, «ASHYQ» жобасына қоғамдық тамақтану нысандары, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, фитнес-клубтар, моншалар мен сауналар қосылған.

«Бүгінгі таңда Талдықорғандағы 100 мекеме «ASHYQ» қосымшасын енгізді, оның 90-ы — қоғамдық тамақтану нысандары, үш фитнес-орталық, үш компьютерлік клуб, екі кинотеатр және бір монша мен бір сауна бар. Сонымен қатар, өзге өңірлер арасында Іле ауданындағы бір қоғамдық тамақтану нысаны жоба бойынша жұмыс істей бастады. Жалпы, infokazakhstan.kz сайтына «ASHYQ» жобасына қатысу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 100-ден астам өтінім келіп түскен», — деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Әсет Шаяхметов.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда «ASHYQ» жобасы 14 сәуірден бастап енгізіле бастады. Жоба COVID-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен қызметкерлерді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан, тіпті, локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жоба QR-код және ПТР дерекқорымен интеграциялану есебінен келушінің мәртебесін — ол вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма, жоқ па екенін анықтауға мүмкіндік береді. Кіреберісте адам оның мәртебесін анықтау үшін QR кодын сканерлейді және түсіне байланысты, келушінің мәртебесін белгілейді.

Қазіргі уақытта Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен «Ashyq» жобасы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда.

«Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша «Атамекен» ӨКП-ға жүгінуге болады. Анықтама телефондары: +77755945977 (Дана Дәулетқызы), +77758946061 (Ақерке Нұрдәулетқызы).

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.