Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫДА ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРУШІЛЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ. ТАҒЫ БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

4 желтоқсан 2021
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫДА ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРУШІЛЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ. ТАҒЫ БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда көпқабатты үйлердің терезесінен секіретіндер көбейе бастаған. Өткен жолы үш сәбиімен бірге 28 жастағы келіншек терезеден секіріп көз жұмса, осы жолы жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Қыздың 12-қабаттан секіргені жайлы видео мен фото әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімет берді. Оған сенсек, қайғылы оқиға кешкі сағат 16:00 шамасында Алмалы ауданында болған. «Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полициядан.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-ншы қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала «Жедел жәрдем» көлігінде қайтыс болды. Кейін әйелдің өлім алдындағы қоштасу хаты табылды. Одан бөлек, ғаламторда күйеуінің басқамен көңіл қосқандығы жайында ақпарат тараған еді.

Әлеуметтанушы ғалымдар мен психолог мамандардың сөзінше, үш сәбиімен бірге тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен әйелдің әрекеті қазақ қоғамында үлкен сілкініс тудырды. Отбасылық мәселелерді қайта қарап, халық арасында шаңырақтың шайқалмауын түсіндіретін құндылықтарды насихаттау қажеттігі айтылды. Сонымен бірге, мамандар психологиялық көмек көрсететін орталықтарға терезеден секіремін деп қорқытатын әйелдер хабарласа бастағанын мәлімдеді. Бұл қатарға ерлер де қосылған. Қалада секіруге оқталған оқиғалар да көбейген. Олардың көбі қаржылық қиындықтарға тап болғанын, несиелерін өтей алмай жүргендерін айтып шағымданған. Алайда психолог мамандар мұндай қайғылы жағдайға тек материалдық мұқтаждық себеп емес, отбасылық жанжал, қысым, көзге шөп салу, өтірік айту, жауапсыздық, екіжүзділік секілді теріс әрекеттердің де қатысы бар екенін алға тартуда.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.