Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Алтын бесік

1 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
Алтын бесік
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың дарқан даласы татулық пен берекенің алтын бесігі іспеттес. Әлімсақтан қасиетті мекенге құт дарып, топырағына текті ұлт етек жайды. Сақ, ғұндардан бастау алып, көк түрік атанған ата-бабаларымыз мәдениеттің озық үлгісін танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.

Халқымыз бодандықтың қамытын киіп, басынан небір зұлматты жайттарды өткерсе де бүгінгі күнге есен-сау жетіп, еркіндіктің байрағын биіктен желбіретті. Дана да дара, батыр да баһадүр жұртымыздың қайсарлығын Қазыбек бидің:
Қазақ деген мал баққан елміз, 
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп, 
Найзасына жылқының
қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан 
сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз, – деген сөзі-ақ аңғартады. 
Әсіресе, ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіннің салдарынан жер аударылған өзге ұлт өкілдері ешбір бөтендік сезінбей, тамырын кеңге жайып өсіп-өнді. Жоқшылықтың кермек дәмін татып отырған қазақ халқы соңғы нанын бөлісіп, тар баспанасынан орын берді. Бір атаның баласындай еңбек етіп, барлық қиындықты бірлесе жеңді. Сол үшін де әртүрлі этнос өкілдерінің қазақ десе шығар жаны бөлек. Әлі күнге дейін алғыс айтып, шексіз ризашылығын білдіріп келеді. Атақонысына қайтып оралғандар да туған жеріне ат ізін салып, бабаларының басына топырақ салып тұрады.
Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты мемлекеттің берекесін жарастырып қана қоймай, ғаламдық мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, әлемді бірлікке шақыруда. Оның айқын дәлелі – ядролық қарудан бас тартып, әлеуметтік-экономикалық қал-ахуалдың жақсаруы. Келешекте де ұлан-ғайыр жерімізде ата-бабаның асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуге бар күш-жігерімізді саламыз. Өйткені, тәуелсіз Қазақстан – достықтың қара шаңырағы. Бейбіт елімізде оған барлық мүмкіндік бар.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.