Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН АРНАДЫ

20 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН АРНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ жетісулықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Санамызға ізгі ұғымдарды, жақсы қасиеттерді дарытатын әз Наурыз бүгінде барша қазақстандықтар қуана атап өтетін жалпыхалықтық үрдіске айналған. Көктемнің осы бір тағылымға толы мерекесі ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының бастамасымен мән-маңызы байытыла түсті.

Наурыздың рухани құндылықтарды, достық пен келісімді, тарих пен өнерді дәріптеуге, қайырымдылық жасауға, табиғатқа қамқор болуға бағытталған мағынасы бұрынғыдан да тереңдей түспек. Биылғы жылы індет жағдайына байланысты бұқаралық іс-шаралар шектелгенімен, жыл басы саналатын бұл күнді әр отбасы өз шаңырағында, береке-бірлікпен мол дастарқан, ізгі тілекпен қарсы алуда.

22 наурызда күн мен түн теңеліп, түнекті жарық, суықты жылу еңсере бастайды. Айналаның ажары кіріп, тіршілік ұйқыдан оянады. Табиғаттың қайта түлеуі адам баласының да жан дүниесін жаймашуақ күйге бөлеп, жүрегін мейірім мен шапағатқа толтырады. Барша жұрт бір-бірін риясыз құрметтеп, кешірім мен кеңшілікті дәріптейді, мол дәм дайындап, дархандық пен берекеге үндейді, бата беріп, тілек айтып, жақсылыққа жаршы болады, бұлақтың көзін ашып, көшет етіп, еңбекке баулиды.

Ұлағаты мол осы дәстүрлі мереке әр шаңыраққа ырыс пен құт әкелсін! Ел игілігі үшін еңбек еткен жетісулық қауымның қазаны дәмге, қамбасы дәнге толып, жұртымыз бейбіт де баянды ғұмыр кешсін. Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға есендік тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» — делінген облыс әкімінің құттықтауында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.