Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АНАНЫҢ ЖҮРЕГІ

16 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
АНАНЫҢ ЖҮРЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әмина айнаға қарап анасының жанында шашын тарап отыр еді. 
– Қызым, тарағыңды бере тұршы, – деді Айман. 
– Жарайды, мама, – деді ол тарақты ұсынып. Анасының қолы қалтырап кетті. Әмина таңданып, ауызын ашып қалды. 
– Мама, сенің қолдарың неге дірілдейді? – деп сұрады Әмина. 
– Сендер көшеде ойнаған кезде қатты уайымдап отырам. Сен кішкентай кезінде белсебедтен құлап, қолыңды қатты жарақаттап алғансың. Бір апта ауруханада жаттың. Содан бері қолым қалтырайтын болды. 
 Әминаның анасына жаны ашып кетті. 
– Мама, шашыңды мен тарап берейінші, – деп анасының қара шашын түзетіп, әдемілеп тарай бастады. 
– Ой, мама, шашыңда ақ шаш бар екен, – деді қызы бір тал ұзын шашты ұстап. Анасы жымиып күлді. 
– Мама, бұрын басыңда ақ шаш жоқ еді ғой, қалай пайда болған?
– Уайымдағаннан шығар, – деді Айман. – Адам уайымдай берсе жүрегі ауыра береді. 
– Сонда ақ шаш уайымдағаннан шықты ма?
– Иә, өткенде інің қораның төбесіне шығып, түсе алмай бақырғанын білесің ғой. Мен Әли құлап қалды ма деп далаға атып шықтым. Әли екі қолымен ағаштан ұстап салбырап, жылап тұр екен. Әкең ініңді көріп, жүгіріп барып сатыны алды да, жерге түсіріп алды. Содан жүрегім ауырып кетті. 
– Әли, бері келші! – деп Әмина інісін дауыстап шақырды. Ол жүгіріп жетіп келді. 
– Не болды? Мені неге шақырдың? – деді Әли. 
– Қарашы, маманың басына ақ шаш түсіпті. 
– Ақ шаш дейсің бе? Қане, көрейінші!
– Міне, ұзын ақ шаш!
 Әлидің ауызы ашылып қалды. 
– Мама, маңдайыңды сырып алғансың ба? Менікі сияқты сызық бар ғой, – деді Әли. 
– Сенікін тал сырып кеткен ғой. Менің маңдайыма әжім түскен.
– Әжім дейсің бе? Ол неге түседі? – деді Әли өз маңдайын сипап. 
– Жүрегім ауырғаннан. 
– Маманың жүрегі ауырса басына ақ шаш түседі, қолы қалтырайды, – деді Әмина інісіне жауап беріп. 
– А, солай ма? – деп Әли ойланып қалды. 
– Иә, – деді анасы. – Адамның жүрегі ауыра берсе, бетіне әжім түсіп, шашы ағарып, тез қартайып кетеді. 
– Ой, мама, бізді кешірші, енді сенің жүрегіңді ешқашан ауыртпаймыз, – деді екеуі жарыса. 
 – Ақылдарыңнан айналдым! – деген Айман балаларының бетінен сүйіп, басынан сипады.

Асхат ӨМІРБАЕВ
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.