Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАПШАҒАЙДА «ДІНИ ҒҰРПЫМ — ҒҰМЫРЫМ» АТТЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ АЯҚТАЛДЫ

19 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
ҚАПШАҒАЙДА "ДІНИ ҒҰРПЫМ - ҒҰМЫРЫМ" АТТЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қапшағай қалалық орталық мешіті Мәуліт айының құрметіне «Діни ғұрпым — ғұмырым» атты мектеп оқушылары арасында ІІ жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Бір айға созылған дода өз мәресіне жетіп, балаларымыздың сүйікті пайғамбарына арнаған жырлар жинағы таныстырылып, үздік туынды иелері марапатталды. Бұл туралы «Жетісу» газеті мешіттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Төл дінімізге деген перзенттік құрмет, пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) арналған сағыныш сезімдерін өлең арқылы көрсетуге мүмкіндік беру, мәдениеттің имандылықтан басталатынын сезіну, асыл дініміздің тарихын тану, пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянынан мағлұмат алу, ана тіліне қанығу – осы жыр жарысының мақсаты.

Жыр додасында жеңімпаз оқушылар анықталып, түрлі сый-сыяпаттармен марапатталды. Бас жүлдеге №2 орта мектептің 11-ші «ә» сынып оқушысы – Сұлтан Ажар Ержанқызы ие болды.

Жарысқа түскен жас ақындарға ерекше талаптар қойылды. Ажардың «Адамзаттың асылы» атты өлеңінің мазмұны мен мақсаты сол шарттарға сай болғанымен қатар оның көркемдігі мен үйлесімдігі айқын байқалып тұр. Жас ақынның діни мазмұнға да ерекше зер салғанын аңғаруға болады.

Келесі жүлделі І-ші орынды №3 орта мектептің 6-шы «ә» сынып оқушысы Маралбек Дәнел Дастанқызы иемденді. «Аллаға шүкір, анам бар» деген өлеңінде Дәнел азанның әсем үнінің бойды жайлап, сезімнің одан алған әсерін шебер суреттеген. Өлеңде мазмұн бар. Беріп отырған ойы мен оны бейнелеп отырған тілінің сәйкес келуі, оқушының жас та болса ой тереңдігіне бойлай алатынын көрсетіп тұр.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, шаһарымыздың белгілі ақыны Алтыншаш Жұманқызы жас қаламгерлердің жан бұлқыныстарынан пайда болған жырларына оң баға беріп, талаптарына сәттілік тіледі.

Поэзия – мөлдір әлем. Осы әлемде қанат қағамын деп талпынған жас ақындардың шабыт сезімі ғашықтыққа негізделуі тиіс. Пайғамбарға деген ғашықтықтан туындаған аз да болса шынайы талпыныстың ізін осы мүшәйраға қатысқан көптеген оқушылардың шумақтарынан байқауға болады.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылардың өлеңдерін тамашалауға олардың ата-аналары, қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Ауған соғысы ардагерлері мен мешітке келуші жамағат келді.

Жас талапкерлерге ұялы телефон мен бағалы сыйлықтар  тарту етілді. Ардагерлердің арнайы дайындаған марапатына №1 мектептің 4-сынып оқушысы Алуа Жанабекқызы, №5 мектептің 5-сынып оқушысы Асма Құрмақаева (өз өлеңін орыс тілінде жазған), тағы сол сияқты Жансая Жанат, Сундус Жанат, Ахмад Өміров, Асыл Нұрбол ие болды.

Соңында Қапшағай қаласының Құрметті азаматы, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнібекұлы әр жылы осындай ізгілікті шара ұйымдастырып отырған Қапшағай қалалық орталық мешітінің бас имамы Алдажар Сейітұлы мен қала имамдарына, қай кезде де отаншылдық тақырыпта ат тізесін қоса қалатын қалалық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Мұрат Бисетұлына өз алғысын білдіріп, елдің тыныштығына тікелей әсері бар осы іспеттес имани үрдістерді сындарлы түрде жалғастырып отыру керек екендігіне тоқталды.

Қалалық «Нұрлы өлке» газетінің бас редакторы Алтынбай Шәкенұлы оқушылардың жеке тұлғаға арнап жазған өлеңдеріне қатысты былай деді: «Ақын өлеңін өзі көріп тұрған тауға арнауы мүмкін, көлге, қалың орманға арнауы мүмкін. Ал жеке тұлғаға арнайы өлең арнау – қиынның қиыны. Өлеңде бүгiнгi прозадағыдай, яки, бүгiнгi журналистикадағыдай орта тұс деген болмайды. Өлеңнің қисыны не бар, не жоқ. Осы тұрғыда асыл пайғамбарға оқушылардың өлең арнауы оның өмірбаянынан, оның жеке тұрмысынан үзінділер білуді, оны өлеңге әрлеп өруді қажет етеді. Мүшәйраға қатысқан балаларымыздың пайғамбар өмірінен әлдеқайда хабардар екені білініп тұр».

Мүшәйра ұйымдастырушылары балаларға төл дінінің маңыздылығын ұғындыра отырып, туған жері мен тілін құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызуға ықпал етуді көздегендерін жеткізді.

Биылғы жылы жеңімпаз атанған ақын қыз Сұлтан Ажар Ержанқызының топ жарған өлеңін жариялап отырмыз:

АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ

Адамзаттың асылы, дара жаны,
Мұсылманның зарығып, қалағаны.
Пайғамбарым Мұхаммед — мәңгі атау,
Жүректерде мәңгілік қалады әрі.

Жаратқанның елшісі таңдағаны,
Нұрлы ислам жолы еді арнағаны.
Пайғамбарым Мұхаммед, бүгін саған,
Сағынышты жыр жолым арналады.

Мүминдердің ізгісі өзің едің,
Салауатпен әрдайым көз ілемін.
Сен бастаған жолыңмен жүрген мынау,
Мен ғажайып бақытты сезінемін.

Пайғамбарлар жалғасын тәмамдаған,
Дінімізге адал боп, алаңдаған.
Пайғамбарым, өзіңді ойламайтын,
Мұсылманның жүрегі жаралмаған.

Әр жүректің түбінде барың анық,
Көрмесек те жүзіңді налымадық.
Шүкір еттік Аллаға жүрекпенен,
Қуанайық, мейлі, біз қамығалық.

Нұр жолыңнан адаспай жүруіміз,
Жәннат аңсап жалғанды сүруіміз.
Бір өзіңнен насихат сүннет болып,
Сауап еткен шапағат күлуіміз.

Сағыныш боп қаласың Пайғамбарым,
Ақ арманға сағым боп айланбағын.
Алламыздан мүмкіндік деп білемін,
Біздер үшін Мәуліттей айлар барын.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.