Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АРҚАРЛЫДА ТАБЫЛҒАН ЖҰМБАҚ БЕЙНЕЛЕР МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНА АЛЫНДЫ

29 мамыр 2021
РУХАНИЯТ
АРҚАРЛЫДА ТАБЫЛҒАН ЖҰМБАҚ БЕЙНЕЛЕР МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНА АЛЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Арқарлы асуында петроглифтер табылып, оны сақтау мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

«Алматы облысының Кербұлақ ауданында (Арқарлы асуы) табылған петроглифтерді сақтау мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды. Бүгінгі күні ежелгі петроглифтердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында нақты іс-шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, Арқарлы асуында қиыршық тастарды өндірумен айналысатын кәсіпорындарға берілген археологиялық ескерткіштер орналасқан жерлер мемлекеттің иелігіне қайтарылады. Арқарлы петроглифтерінің заңнамада белгіленген тәртіппен мәртебесі анықталғанға дейін олар тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілді», — делінген вице-Премьердің «Қазақпаратқа» берген жауабында.

Оның атап өтуінше, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес петроглифтердің мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін олар тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғалады. Осыған орай ескерткіштерге қауіп төндіретін жұмыстар тоқтатылған және олардың қорғауға алынғаны туралы тақталар орнатылған. «2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматы облысының әкімдігі мен Ә.Марғұлан атындағы Археология институтынының мамандары Арқарлы петроглифтеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеудің негізінде анықталған ескерткіштерге алдағы уақытта құжаттандыру (паспортизациялау) жұмыстары жүргізіледі. Анықталған ескерткіштерді қорғалуын ұйымдастыру үшін тиісті бюджеттік өтінім әзірленіп, облыс мәслихатының отырысында қарастырылады. Заңнамада қарастырылған рәсімдер орындалғаннан кейін Арқарлы петроглифтері Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіледі. Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігіне Арқарлы петроглифтерін қорғау мәселесін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды», — деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары Арқарлы асуын зерттеп, таңбалы тастар мен обаларды, мыңдаған жыл бұрынғы қоныстарды тіркеп, қағаз бетіне түсірген еді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.