Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АРҚАРЛЫДАҒЫ ПЕТРОГЛИФТЕРГЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰРҒАН ЖОҚ

9 маусым 2021
РУХАНИЯТ
АРҚАРЛЫДАҒЫ ПЕТРОГЛИФТЕРГЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰРҒАН ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихы тасқа қашалған қазақ даласы адамзаттың алтын бесігі іспетті. Алтын адам табылған Жетісу жерінен көптеген жәдігерлерді кезіктіруге болады. Күні кеше ғана Кербұлақ ауданының Арқалы асуындағы петроглифтерге қатысты әлеуметтік желіде жазба жарияланды. Онда «3 мың жылдық тарихы бар таңбалы тастарды бизнесмендер үгітіп, щебенка, плита, брусчатка етіп жіберіпті» делінген.

Ақпараттың шын өтірігіне көз жеткізу үшін бір топ журналистер таңбалы тастар орналасқан жерге бардық. Ешқандай да үгітіліп жатқан тарихи тасты көрмедік. Керісінше, петроглифтер мемлекеттік қорғауға алынып, тіпті, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Журналистермен сұхбаттасу барысында институтының ғылыми қызметкері Александр Горячев:

– Кербұлақ ауданы бойынша зерттеу мамыр айынан басталды. Қазіргі таңда аудан аумағынан петроглифтердің 20 орны табылды. Суреттердің көпшілігі қола, сақ дәуірінен бастау алады, сондай-ақ, ежелгі түріктерге тиесілі таңбалар да бар. Қарлұқ қағанатына тиесілі қыш құмыраларын да кезіктірдік. Әр петроглифті тізімге аламыз. Келешекте Жетісудің өзге өңірлерінде аргеологиялық зерттеу жүргізуге әзірміз, – деді. Анықтау-балау жұмысына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Мәдени мұра орталығы, Кербұлақ ауданының әкімдігі, сондымен бірге «Охотники за петроглифами» еріктілер тобының үйлестірушісі Ольга Гумирова да атсалысуда. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев:

– Петроглифтер 2017 жылдан бері мемлекет қорғауында, содан бері олардың біреуіне де зақым келмеді. Бүгінде анықтау-барлау жұмыстары аяқталуға жақын және анықталған барлық петроглифтерге құжат жасау басталды. Содан кейін орналасқан орындары бойынша сызбасы жасалып, аудандық жер бөліміне тіркеліп электронды базасына енгізіледі, – деп петроглифтер орналасқан жер телімдері жекеменшік құқығында болса, ол жерлер мемлекет меншігіне қайтарылатынын айтты.

Биыл қыркүйек айының соңына дейін барлық жұмыстар аяқталып, ғалымдар, тарихшылар, археологтардың қатысуымен үлкен ғылыми конференция өтетіні белгілі болды. Келесі кезекте журналситер таңбалы тастарды аралап, тарихи жәдірлерді көруге мүмкіндік алды.

Мәулен Әнербай
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.