Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚАШАНҒЫ АЙТАМЫЗ?» ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ АУЫЛЫ ЖАРЫҚҚА ЖАРЫМАЙ ОТЫР

14 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
"ҚАШАНҒЫ АЙТАМЫЗ?" ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ АУЫЛЫ ЖАРЫҚҚА ЖАРЫМАЙ ОТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ауылында 150-ден астам үй жарыққа жарымай отыр. Амалы таусылған тұрғындар қарағайдан электр бағанасын жасап, токты өздері тартып алған. Алайда оның қуаты жетпей, жұрттың жаңа техникасы шетінен істен шығыпты. Бұл жайында www.zakon.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Бикен әжей жарықтың жиі өшуі талай техниканы «күйдіріп бітті» деп күйінеді. Мәселен, жақында ғана алған су жаңа тоңазытқышы бірден істен шығып, қазір ауласында шаң басып тұр. Сексеннің сеңгіріне таяған қария электр қуатының аздығынан азық-түлік те бүлініп жатқанын жеткізді.

Бикен Балабекова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

— Жарық жоқ. Мынаның суы ағып, азық-түлік бұзыла бастайды. Қашанғы айтамыз енді? Қиыншылық көріп отырмыз. Теледидар да істемейді. Жарықтың жоқтығынан үлкен теледидар көрсетпейді. Тоңазытқыш тұрғаны анау бұзылып.

Алматы облысындағы Жамбыл ауылының шетіндегі 150-ден астам үйдің тұрғындары электр бағаналарын өздері қойып, ток тартқан. Бірақ елдімекендегі жалғыз трансформатордың күші кейін қосылған баспаналарға жетпейді екен. «Сығырайған жарықтан балалар сабақ оқи алмай қиналады», — дейді қараша.

Амангүл Нұрмұханова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

— Баламды оқытуға енемнің үйіне барамын. Баламды сол жаққа тастап кетемін. Бірде жарық болады, сосын сығырайып қалады. Сабақ оқи алмаймыз, Интернет мүлдем ұстамай қалады. Бәрі күйіп жатыр. Үш теледидар ауыстырдым.

Жарыққа жолдың азабы қосылып, жұртты әбден титықтатқан.

Арайлым Смағұлова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

— Жаңбыр жауса балшыққа батамыз. Барлығымыз бір-бір аяқ-киім ұстап жүреміз. Шыдамның да шегі бітті. Менің балам жылайды, костюмі балшық болып келеді. Жылда киімін ауыстырамыз.

Ақын Жамбыл Жабаев туып өскен елдімекеннің халқы «жарық тартып беріңдер» деп ауыл әкімдігінің табалдырығын талай тоздырыпты. Бірақ одан нәтиже шамалы.

Сәуле Сманова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

— Әкім былай айтты. Мен өз құлағыммен естідім. «Жерді менен алған жоқсыңдар, алған әкімдеріңе барып айтыңдар», — дейді. Ол әкім халыққа жаны ашымаса, не үшін әкім болып отыр?! Сым тұйықталып, өрт болса, бұл жерге құтқарушылар да келмейді.

Көп ұзамай ауыл әкімі де төбе көрсетті. Тұрғындарды сабырған шақырған атқамінер сол жерде кезекті уәдесін үйіп-төкті

Данияр Мантаев, Жамбыл ауылдық округінің әкімі:

— Жарық мәселесіне келетін болсақ, жобалық-сметалық құжат дайын. Қаражат күтудеміз. Күннен-күнге халық саны өсуде. Сол себепті жарықтың сығыраюы туындап тұр. Жол мәселесіне келсек, жоба келесі жылы дайын болады. Болашақта жолды күтудеміз.

«Жұрттың күйін кешіп отырмын» деген Данияр Ерлікұлы түсірілім тобымызға баспанасын көрсетіп, «жарықтың жоқтығы менің де жаныма батады» деп ағынан жарылды.

— Су ортақ, жол ортақ, жарық ортақ. Сол кісілер көріп отырғанды мен де көріп отырмын.

Ауыл әкімі жарық мәселесін шешуге қаржы қолбайлау екенін айтады. Сондықтан, шенеунік облыс бюджетінен 90 миллион теңге сұрап отыр. Алайда бұл қомақты сомманың қашан бөлінетіні белгісіз. Ал жаттанды жауапқа сенуден қалған жұрт облыс әкімінен көмек сұрамақ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Жамбыл ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.