Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АҚСУ АУДАНЫНДА ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

4 қараша 2021
РУХАНИЯТ
АҚСУ АУДАНЫНДА ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданының Сағабүйен ауылында отызыншы жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған арыстарымыз бен ашаршылық құрбандарына арналып ескерткіш ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Сол бір жылдары елдің бас көтерер зиялы, беделді азаматтары «қызыл қырғыннан» халықты аман алып қалу үшін «үш әріптің» құрығына ілінді. Талай адам жазықсыз атылып кетті. Талғажау таппай, қаншама адамның сүйегі ит пен құсқа жем болды десеңізші?! Зұлмат жылдардың қасіретін бір мақала аясына сыйғызу мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Ақсулықтар орнатқан ескерткіш қаралы жылдарға қойылған шағын белгі болғанымен, көтерер жүгі ауыр, Алаш рухы алдындағы ауқымды іс.

Нәубетте «итжеккенге» айдалып, жазықсыз ажал құшқандарға арналған белгітас ауыл азаматы Ерлан Рамазановтың демеушілігімен қойылған. Ескерткіштің ашылуында бір минут үнсіздік жарияланып, жиналған көпшілік Алаш арыстарын, зұлмат жылдардың құрбандарын еске алды.

Белгітастың ашылуында Ақсу ауданының әкімі Есім Базарханов сөз сөйлеп, ашаршылық жылдарынан сыр шертті. Қолдан жасалған аштық, саяси қуғын-сүргін мыңдаған қазақтың өмірін жалмады. Талай отбасы ойран болды. Аштық жайлаған жұртшылық жан-жаққа босуына тура келді. Ал аштықтан аман қалғандардың біраз бөлігі атылды, асылды, Сібірге айдалды. Көңілге кірбің ұялатқан сол бір қаралы жылдар ел жадынан өшпесі анық.

Осындай қилы кезеңді қайта парақтаған аудан әкімі бұл белгітастың болашақ ұрпақтың тарихты қайта танып-білуі үшін орны бөлек, маңызы зор екенін жеткізді. Шара соңынан қуғын-сүргін құрбандарына Құран оқылып, ас берілді.

Бұл ескерткіш шараға қатысқан әр қазақтың жүрегін сыздатты. Өйткені, бірінің атасы, бірінің бабасы осы «қызыл жүйенің» зардабын тартқаны белгілі. Бүйен-Ақсу көтерілісіне біздің атамыз Тұрсын төре де қатысып, әскер басқарған. Ол ел-жұртты арғы бетке өткізіп, аман алып қалмақшы болып, көш бастап бара жатып шегара отрядының басшысы Курносовтың қолынан қаза тапқан. Курносовты жер жастандырған Нұрмұхамбет Жөкейұлына дәл осы маңнан ескерткіш тақта қойылған.

Зобалаңда сүйегі далада шашылған қазақты табиғат та жоқтап, аязы бет қарыды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

13 қарашада Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:47
Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.