Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Атымтай жомарт азамат

16 наурыз 2018
РУХАНИЯТ
Атымтай жомарт азамат
WhatsAppTelegramFacebook

Беймаза тіршілікте адам талай жақсы жандарды жолықтырады. Түйткілді мәселесі шешімін тапқанда өмірге деген құштарлығы артады. Енді соның қарымтасын қайтаруға тырысатыны заңдылық. Бұл, әрине, кім үшін де дұрыс шешім. Өйткені «Адамның күні – адаммен» деп тегін айтылмаған. Жаны жомарт Данияр Молдиярұлының алдына барғандар мен әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылған жандар дәл осындай сезімде болады. «Алтын алқа» иегерлері Райхан Ысқақова мен Биғайша Есімова тәрізді асыл аналар әрдайым Даниярға деген алғыстарын жаудырады.

– Біздің жастық шағымыз ағаш жарып, күл шығарып, от жағумен өтті. Ол кезде бойымызда күш-қуат бар еді. Қиындықты көп сезіне бермейтінбіз. Жас ұлғайған сайын қатты қайырым жұмысқа жарамайтын болдық. Газға қосылу үшін қомақты қаражат керек. Әр баланың өз тіршілігі бар. Данияр балам жайлы аудан жұртшылығы өте жақсы пікірде. Сөйтіп мен де алдына бардым. Бірақ «жоқ, апа болмайды» десе, көңілім пәс болып қалады-ау деген күдік те көңілімде тұрды. 
Жүзі жылы, өте кішіпейіл екен. Орнынан тұрып жылы шыраймен қарсы алды. Бұйымтайымды айтып жатырмын. 
– Әже, бұл өтінішіңізді серіктестіктің жиынында қараймыз. Шешімін табады, – деп аққұба жүзі нұрланып, ерекше мейіріммен шығарып салды. Менменсу, көкірек көтеру, кісімсу тәрізді адамның жігерін құм ететін қасиеттерден ада, адал азаматтың пейіліне риза болып, кеңседен жүгім жеңілдеп шықтым, – деген Алқа Әбілдаеваның аналық алғысын естігенде оған деген менің де ризашылығым арта түсті.
 Биылғы қыс қаһары елді бір қысып тастады ғой. Осы сәтте оның қиындығына тап келген Ұзынағаш ауылының тұрғындары Дана Айдарбаева, Алина Оңғарбаева, Рабиға Сайынова тәрізді жас балалы отбасылар да «көгілдір отынға» қосылды.  
Нұрбаев Данияр Молдиярұлы Алматы облысының, оның ішінде Жамбыл ауданының елді мекендерін газдандыруға өзіндік үлесін қосып жүрген, өз кәсібінің қыр-сырын жетік меңгерген азамат. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі бірнеше іргелі оқу орнын бітірген жоғары білімді маман. 2008 жылы Талдықорған қаласындағы Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірсе, 2012 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік техникалық университетінің мұнай-газ факультетін газ шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтаған. Сондай-ақ, 2015 жылы Алматы қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетін бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алған. Елін, жерін сүйген азамат үнемі алға ұмтылып, халықтың қажетін өтеу жолында ізденісін жалғастырып келеді.
Данияр еңбек жолын 1991 жылы Талдықорған қаласындағы «Алға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізуші болып бастаған екен. Нарықтық қатынастың алғышарттарын түсініп, әкесі Молдиярдың тәрбиесімен осы кәсіпті қолға алады. Сөйтіп, 2000-2009 жылдар аралығында «Тәуекел-Т» ЖШС-інде Алматы облысының газ тұтынушы әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлер қорын газдандыру жөніндегі шебер болып еңбек етіп, мамандығының қыр-сырына қанығады. Содан бері қаншама жыл өтті. Қазіргі уақытта «Тәуекел газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры ретінде білікті басшы екенін дәлелдеуде. 
Аталған компания Алматы облысының ауылдық елді мекендерін газдандыру ісін жүзеге асырып, әр шаңырақтағы қыз-келіншектердің жұмысын жеңілдетіп, жылылық сыйлап отыр. Оның басшылығымен бүгінде Жамбыл ауданының көптеген елді мекендеріне табиғи газ құбыры тартылып, жергілікті тұрғындар «көгілдір отынның» игілігін пайдаланып, күйкі тірліктен біржола арылды.
«Еңбек – бақыттың баспалдағы» деген пікір бар. Оның нақты мысалын келтіретін болсақ, Данияр Молдиярұлы Жамбыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес ісіне үлес қосқаны үшін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Грамотасымен, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары «Қазақстан ардагерлері» ассоциациясының Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен марапатталған. Сондай-ақ ол 2012-2013  жылдың жылыту маусымын сәтті өткізуге үлес қосқаны үшін Жамбыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатын иеленген. Халық зор сенім білдіріп облыстық мәслихаттың депутаттығына сайлады. Халық қалаулысы жұртшылықты толғандырып жүрген мәселелерге де ерекше көңіл бөліп келеді. 
Данияр Молдиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең сезінген, сол жолда іскерлігін танытқан азамат. Оның тікелей қамқорлығымен Жамбыл ауданындағы көп балалы, әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылған төрт жүзден астам отбасының үйлеріне «көгілдір отын» тегін қосылды. Бұл өткен жылдарғы дерек. Содан бері де жүзден аса отбасы осындай игілікке бөленді. Жүрегі кең, жаны жомарт Данияр жайлы аудан тұрғындарының тек жақсы пікір, алғыс айтатыны сондықтан болар. 
Кәсіпкер азамат батырлар мен ақындар еліндегі жақсы істердің қасынан табылады. Мәселен, жыр сүлейі Сүйінбай бабамыздың кесенесі жанынан ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа арнап үй салды. Үйді газға қосып, оған да демеушілік танытты. Айта берсек, мұндай игіліктер тізімін толықтыра беруге болады. Аудан өміріндегі бұдан басқа да мәдени іс-шаралардың өтуіне көмегін аяған емес. 
Атымтай жомарт азаматтың адам жанын жадырататын жақсы істері жетерлік. Зайыбы Ләйлә Әділқызы да өмірлік серігінің бастамасын қолдап отырады.  Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп, немере сүйіп, мына өмірді шаңырағындағы жақсы істерімен толықтырғаны да қуанышты. Алғыс арқалаған азаматқа біз де өмірде жолың болсын демекпіз.

Күмісжан БАЙЖАН, 
ҚР Мәдениет қайраткері.

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.