Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АВТОБУС ОРЫНДЫҒЫНДАҒЫ ЕСІМДЕР

16 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
АВТОБУС ОРЫНДЫҒЫНДАҒЫ ЕСІМДЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамдық көліктің ел игілігі үшін қызмет көрсетіп, халық үшін жұмыс жасайтындығын  тарқатып жазбасақ та белгілі. Студенттер мен зейнеткерлер үшін қала ішінде қатынауға ыңғайлысы – осы автобус. Қазақстан бойынша жол жүру құны арзан және студенттер мен оқушыларға тегін билет тарататын бірден-бір қала – Талдықорған. Бірақ…

Құны бардың қадірін қатты білетін, тегін болса отап-бұтап, қадіріне жете бермейтіндігіміз тағы бар. Оған көптеген мысалдарды алып дәлел келтіруге болады. Өткенде 44 адамды алып жүруге болатын 24-ші бағыттағы автобусқа отырдым. Көзім бірден орындықтарға түсті. «Жансая, пишите мне (нөмірі)», – деп көрсетілген жазба тұр. Қызық. Әлгіні жазып алып бірден тексеріп көрдім. Қоңырау барды, алды, мен сөзге келместен қоя салдым. Қайта қоңырау шалды, мен алмадым. Ызамның келгені-ай. Жанында басқа да жазбалар тұр. Көпшілігі «Инстаграм», «Вконтакте» әлеуметтік желілеріндегі логиндерін көрсеткен. Қалтафоныңды алып, көрсетілгендерді теріп көрсең, барып тұр, ашық тұр, алып тұр. 
Бұл біз үшін ойланатын жағдай. Жазып жүргендердің көпшілігі мектеп жасындағы балалар. «Тәрбие – тал бесіктен». Біздің келешегіміздің тәрбиесі алаңдатпай қоймайды. Әке болып үлгермедім, ал егер де әке болып жатсам: «Қандай тәрбие береді екенмін? Әкемнің маған берген үлгі-өнегесін бере аламын ба?» – деген сан сауалдар ойландырады. 
Одан кейін: «барлық автобустардың орындықтарында нөмір бар ма?» – деп қарап көрдім. Лас орындықтар да табылды. Өрнектеліп әдемі жазылған, иректелген жазбалар да кездесті. Бәрін ерінбей қарап көрдім, олар да қолданыста. 
Лас орындықтарды автобустың иесі мен жүргізушісінен, ақша жинаушыдан көрсек, орындықтағы жазбаларды өзімізден көргеннен басқа амал жоқ. Мені алаңдатқаны – «Есімін жазып кетті. Ертеңгі күндері сол автобусқа анасы, болмаса әкесі отырады ғой. Көрмей ме? Көрген жағдайда не болады?» – деген ой. Қазақ:  «Атың шықпаса жер өрте» деп айтушы еді. Есімін аяқ асты, қол үсті жазып жүргендердің ойлағаны не болды екен? Өзіне жасалған жарнама деп түйдім. Және ең нашар жарнама. Жастар автобустағы орындық арқылы танысатын болған ба? Ұят-ай…

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Бүгін, 18:05
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.